Кәсіпті бастау қиын.
Бірақ бастаған соң ол тарау-тарауға бөлініп, бизнестің ішінен бөлек нишалар пайда бола бастайды. Бәрін қатар алып жүру оңай деп айта алмаймын, себебі ұсақ-түйектің есеп-қисабы да, фото-видео жасау қиын, алайда жақсы көріп тұрсаң, қиындық пленкасын Қызығушылық автоматты түрде жеңіп кетеді екен.
Біздегі Түркияда арнайы жасалатын қазақи нақыштағы әшекейлер бөлек сала;
Қолдан тоқылатын оюлы үй тәпішкелері тағы бір түрі;
Былғарыдан жасалатын әмиян+сөмке+барсеткалар ол өзінше бизнес;
Қолмен моншақтан жиналып тігілген сәукеле, диадемалар тағы бір кәсіп түрі;
Мәсі+галошқа қолмен тастан оюлап тігіп әжелердің аяқ киіміне сән беретін бұл да бір өзінше кәсіп;
Оюды суретке салып, оны матаға түсіріп орамал тігу-бұл да кәсіп.
Таза күмістен құйып білезік, таза күміс әшекей-бұйым жасау-ол да бір ниша;
Тізбектей берсең көп. Мен әлі киімдерді айтпай отырмын.
Кішкентай дүкеннің ішіндегі міне, түрлі бизнестер;
"Немен айналыссам болады?" деген қыздарға бұл заттарды оптом алып, қосып сатса да түк істемей жатқаннан жақсы. Мүмкіндік бар. Бірақ бір қыздың "Үйренсем, білсем, көрсем" деп келгенін көрмеппін. Тіпті резюме тастап қойып, сол күйі келмейді.
"Жұмыс жоқ, бизнес бастау үшін ақша керек, таныс керек" деудің бәрі сылтау. Жұмыс көп, кәсіп те көп. Тек ізденбейміз, ерінеміз.
Оның үстінде Қазақстанда Түркиядағыдай конкуренция жоқ.
Түркиядағы сатушылардың еңбекқорлығына таңғалам, чатқа күніне 500-1000 фото жіберіп отырады. Күні бойы дүкен аралап жүріп фото, видео жасайды. Одан мың клиент тамшылап жан-жақтан миын жейді. Үстіне 1-2 $ қосқан манағы тауарларды әр дүкеннен жинайды, оны адрестерге отправка жасайды. Ал біз чатқа 2-3 күнде 5-6 фото жіберіп қарап отырамыз.
Басқа мемлекеттегі серіктестерім таңғы 6-да "Тауар дайын, келесі партияға ақша саласыз ба? Банкке бара берейік" дейді ғой, мен айтам "Әй трәтір, қазақ үшін жұмыс уақыты 11-де басталад, о нес шай ішіп алайын" десем таңғалады маған. Еще жалқау көрінем оларға.
Оларда расында выживание, себебі конкуренция өте көп. Жанталаспасаң аш қаласың. Бізде пока бұл жағынан проблема жоқ сияқты. Қалай ойлайсыз?
Сіз кәсіптің қай саласындасыз, дос?
"Жұмыс жоқ, бизнес бастау үшін ақша керек, таныс керек" деудің бәрі сылтау
Последние статьи автора