Жер тоқтаса жетісесің бе?

Жер тоқтаса жетісесің бе?

(Ғылыми толық негізі бар әзіл)

«Жерді тоқтатыңдаршы, түсіп қалайын». Соңғы кезде іні-қарындастар желіде осы тіркесті жиі қолданып жүр. Ал Жер кілт тоқтады делік. Жетісесің бе?
Онда түсіп қалудың қажеті қанша? Бұған дейін Жердің өз кіндігінен ұршықтай айналған екпінімен өзің-ақ әрі қарай ұшып кетесің. Жай емес, сағатына 1600 шақырымдық жылдамдықпен. Бұл ел астанасы мен Алматы арасындағы ұшақтың жылдамдығынан шамамен екі есе артық.
Одан ұшып барып, қайта түсіп тірі қалдың делік. Бәрібір әрі қарай сені батыстан шығысқа қарай соққан сағатына 1700 шақырымдық дауыл ұшырып кетпек. Өйткені Жер тоқтады, ал оның атмосферасы бірден тоқтай алмай айналып тұр. Онда ел астанасының қазіргі секундына 25 метрлік бораны анаңның алақанындай болып елестер еді.
Одан да амансың делік. Енді топан суды күт. Өйткені, Жер айналып тұрғанда орта тұсы дөңестеу болып келетін. Енді Жер тура доп-домалақ күйге түсіп, экваторды айнала жалғыз құрлық, оның екі жағында екі мұхит пайда болады. Үлгілеу картасына үңілгенде қазақ даласы Солтүстік мұхиттың табанында қалмақ екен.
Ал сен Алатаудың басына шығып, шошайған шағын аралда тірі қалдың делік. Бірақ қуанба, дәл астыңнан жанартау атылады. Себебі Жердің айналуы лезде тоқтағанда оның ішіндегі барлық кинетикалық қуат сыртқа лықсиды.
Одан да сау тұрсаң онда не аязға үсисің, не аптапқа қурайсың. Мәселе тек Жер тоқтаған кезде қай тұсы Күнге қарап қалғанына қатысты. Бұдан кейін бір жартысында мәңгі ыстық күндіз, екінші жартысында мәңгі суық түн болмақ.
Хош, одан да саусың. Бірақ енді сұрапыл радиация түгіңді қалдырмайтынын ойлай бер. Өйткені, Жер айналып тұрғанда сол қозғалыстан пайда болған магнитті өріс Күннен бөлінген зарядталған бөлшектерден қорғап келген. Жер айналмаған соң ол қалқаннан айрылдың, қарағым.
Жарайды, бұдан да тірі қалсаң, сені Ай құртады. Білесің бе, Жер айналмаған соң біртіндеп Ай тура үстіне құлайды.
Ризасың ба?

Қайнар Олжай
Фейсбуктегі парақшасынан

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста