ЗЕЙНЕП АПАЙЛАРДЫ ОҚЫТАТЫН ЖЕР ҚАЙДА?

Осы біз батыс боламыз деп - бола алмай, шығыстан кетеміз деп - кете алмай, екі ортада әбден дағдарып қалдық-ау деймін? Олай деуіме себеп: біраз жыл бұрын бір топ адам қыздарды оқытатын қазақ-түрік лицейіне бас сұққанымыз бар. Сонда оқитын қыздардың инабаттылығын, ізеттілігін көріп есімізден танып қалғанымыз - шындық. Басқа оқу орындағыдай қайқаңдап қағып өтпейді, жасы үлкен адамға бәрі де міндетті түрде сәлемдеседі. Бетпе-бет келіп қалсаң, жол береді. Ешқандай жасандылық жоқ, бәрі қазақша, бәрі жарасымды. Адамдар бірін-бірі жұлып жеген мына қасқыр заманда басқа әлемге түсіп кеткендей күй кештік. Көзіміз алақандай болып сыртқа шыққан соң әсерімізді бөлісіп жатырмыз. Сонда біз өзіміздің ұлы шығыстың ажырамас бөлігі екенімізді сезіндік. Ұлы мәдениеттің ұясы - шығыс емес пе?! Сондай мақтаныш кернеді. Мынадай ой туады: әйгілі ЖенПИ дейтін қыздар университеті о баста осындай мақсатта құрылмап па еді? Әйтпесе, елдің балаларын қыздар, ұлдар деп бөліп жатқан басқа оқу орны некен-саяқ. ЖенПИ шығыс мәдениеті мен өнерінің ошағы, қазақ қыздарына өмір философиясын тұжырымдап беретін ең ұлы орталық болуға тиіс емес пе? Кәдімгі білімді кез-келген оқу орны бере алады. Ал, ЖенПИ басқалардың қолынан келмейтін дүниелерді жасауға тиіс сияқты көрінеді маған. Оны бітірген әрбір қыз бала қазақ мәдениетінің гүлі мен символы болып жүрсе шіркін деген ой ғой. Олай деуге тағы бір себеп: қазір Алматыда қыз балаларға арналған жеке мектептер бар екен. Менің бір бизнесмен досым өзінің қызын соған әрең орналастырғанын айтады. Ол жерде қыз балаға поэзия мен суреттен, балет пен спорттан, этика мен эстетикадан, классикалық өнер мен философиядан дәріс береді екен. Әр баламен жұмыс істейді, тапсырма береді. Өлең жаттайды, шешен сөйлеуді меңгереді. Өкініштісі: ол жерде қазақи дүние жоқ. Бах мен Моне бар, Ахматова мен Ницше бар. Абай мен Домалақ ана жоқ бірақ. Фариза мен Наурызбаев жоқ. Зейнеп Ахметованың қазақ отбасы философиясының иісі де жоқ. Әрине, оларды қазақша оқытпадың деп кіналаудан аулақпын. Шығыстың ұлы философиясы мен ілімінен жұрдай болып, бүгінгі заманның ең қажетін қазақша оқыта алмай отырған өзіміз емес пе? Осыны істесек, біреу бізге қой деді ме? Тек Зейнеп апай, сол, шырылдап жүрген. Бірақ, жалғыз өзі тұтас ұлттық мектеп пен дәстүр қалыптастыра ала ма? Сондықтан, ЖенПИ мыңдаған Зейнеп апайларды дайындап шығаратын ұлттық орталық болса деген ой ғой менікі. Сонда біз шығыс еліндегі бастау-бұлағымызға, ұлттық дәстүр мен тәрбиеге қайтып оралар ма едік?

Серік Жанболат

Facebook-тегі парақшасынан
Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста