Бір қарындас достық жіберіпті, кигені хижап, сөздерінің бәрі машаллах, субханаллах, тілегінің бәрі ақыретте жақсылық бер, от азабынан сақта, жазуларының бәрі араб, суреттерінің бәрі діни суреттер. Амал не, жаратылыстану ғылымынан мүлде хабары жоқ, өркениет пен мәдениет дегеннің не екенін білмейтін санасы балғын көптеген жастарымыз мұсылман боламын деп осылайша араб болып жатыр. Әрине, оған осы жастарымызды уахабистердің уағызынан қорғай алмаған және дұрыс жолды көрсетіп түсіндіре алмаған мына біз айыптымыз.
Ажыхан Сәбиұлы
Facebook-тегі парақшасынан