Зарлағаннан біреу бірдеме әкеп бермейтінін түсінетін уақыт келген сияқты

ЗАРЛАМА! ЗАРЛАМА! ЗАРЛАМА!

Бала кезден бірге өскен Берікбол деген досым болды.Мектепте өте жақсы оқыған, СССР кезіндегі ең мықты университет КАЗГУді бітіріп,қазірге дейін бір мекемеде қызметкер болып жалақыға жұмыс істеп жүр.Анда санда кезігіп қаламыз.Өмір бойы кездескенде «Анау жетіспейді,мынау жетіспейді.Ей сендер крутойсыңдар ғой» деген әңгімеден бастайды сөздерін.
⚜️
Бір жолы Манас деген досымыздың үйінде дастарханда отырып сол гөй-гөйіне баса бастап едім Манас«Әй Берікбол, зарлама, зарлама, зарламашы ей сен осы»деп даусын көтеріп тұрып ұрсып тастады.Өздері қатты қалжыңдасатын.Берікбол ашуланарын да білмей, күлерін де білмей отырып қалды.Мен күлкіден өлдім. Содан бастап өзім де бір нәрсеге шағым айта бастағым келгенде Манастың ЗАРЛАМА деген сөздері есіме түсіп кетеді де, соны 3 қайталап айтамын да, шешімін іздеп, іске кірісе бастаймын. Және де басқа адамдарға да осыны мысал қылып айтып жүремін.
⚜️
Қазір әлеуметтік желі арқылы мыңдаған адамдармен достасып, пікір алмастырып жатамыз ғой. Жазған постарыңның астына әр түрлі адамдар әр түрлі пікір қалдырып жатады. Соның ішінде ЗАРЛАУЫҚТАР да көп кездеседі. «Не айтып отырсың, қайдағы бизнес қазір Кризис. Елімізді Коррупция жайлап алған, күн көрсетпейді. Әттең жасым келіп қалды. Мен ауылда тұрамын. Бірдеңе істейін десем бастайтын ақшам жоқ. Байлар бәрін бөліп алған. Бізде болашақ жоқ» осылай кете береді, кете береді. Керісінше кей аяғы жоқ, креслода отырған, дұрыс сөйлей де алмайтын мүмкіндігі шектеулі жандардың көздерінен рух, сөздерінен жалып көріп риза боласың. Зарлағаннан біреу бірдеме әкеп бермейтінін түсінетін уақыт келген сияқты.
⚜️
«Сұрағанның сүйген асын кім берер, барға риза, жоққа сабыр күн көрер» деп Мұқағали айтқанда сүйген асыңды іше алмай, сүйген киіміңді кие алмай, сүйген жерлеріңе бара алмай сүреңсіз өмір өтеді де кетеді.Қазақ атамыз «Іріген ауыздан шіріген сөз шығады» дегенде осы ЗАРЛАУДЫ да айтқан.Осыдан 100 жыл бұрынғы ата-бабаларымызға қарағанда біздегі бар мүмкіншілік 100 есе артық емес пе? Қалай ойлайсыздар?
⚜️
Сіздің айналаңызда да ЗАРЛАУЫҚТАР бар ма? Өзіңізде де анда- санда ЗАРЛАП қойсыз ба?) Олай болса енді ЗАРЛАМАЙМЫН, тек қиындықтан шығар жол іздеп, қайратымды қайраймын деп уәде беріңіз!

Ахметбек Нұрсила
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста