Жақсылық жасасаң, сұқ саусағын көрсетеді...

Бір кісі 5-6 күннен бері мазалап болмады. Бір қағаз керек екен. Ол ғұмырда берілмейтін дүние екен. Соны алып бер дейді. Заңсыз дүниені мазалап болмаған соң алып беруге тура келді. Болмайтын нәрсені болдыруға 2-3 күн уақыт кетті. Әлгі кісі күнде келіп алады. Менің қолымдағы нәрсе емес, амал жоқ мен де, ол да күтті. Менің қолымда емес десем сенбейді. Бүгін әлгі қағазы қолыма тиген соң қуанып, жүгіріп барып, сыртта жүрген әлгі кісінің қолына ұстаттым. Қағазды ала салысымен «ой шешеңді, 3 күн салпаңдаттың ғой», деп боқтап бұрылып барады. Артынан барып, қолындағы қағазды жұлып алып, 10-ға бөліп қоқыс жәшігіне тастап кері кеттім. Енді тынымсыз қоңыраулатып жатыр. Адамдарға таңқаласың.
Былтыр бір ұстазым хабарласады. Бір бітіруші студентінің дипломына басқа қаржы құрылымының баспасөз маманы пікір жазуы керек екен, ол отпускіге кетіпті, ертең қорғауы керек, сен қол қойып, мөр басып бере салсаң дейді. Бітірушінің жұмысында басқа адам мен банктің аты-жөні, басылатын мөр біздікі. Ол адам бекітіліп қойылған. Амал жоқ сабақ берген сыйлы кісі болған соң, мақұл дедім. Мөр менің қолымда емес. Кадр бөлімінде. Оған басу үшін құжат ресми нәрсе болуы керек. Ана жердегі деректер мүлдем басқа біреулер. Оған тірі болып баспайды. Беттің арын белбеуге түйіп, мәселені шештік. Қағазды алып сыртта күтіп отырған қызға шықсам, ала салып, тухх сонша күтірдіңіз ғой деп бұрылып кете барғаны. Қорғаған соң, жәй ғана рахмет деген смс болар дегем. Апайы да, өзі де үнсіз. Міндетті сияқтысың. Сұмдық іс тындардым демеймін. Бірақ, кішкентай нәрселер болса да терлеп, жанталасып, болмайтын біреулерге жалынып, уақытыңды құртып істеген ісіңе сұқ саусағын көрсетіп кетсе, ішің ашиды. Кім қандай жақсылық істесе де рахмет дейтін сөздің барын ұмытпасақ екен.
Ербол Азанбек,
Facebook-тегі парақшасынан

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста