Кейбір аударманы оқығанда авторы не деген дүмше еді деп налисың. Сөзін де сөлін де бермейтін аударамалар балақтың битіндей өріп жүр. Қызмет бабына сәйкес заңдарға жиі үңілетін әдетіміз бар. Айтыңыздаршы, мынаны қалай ұғамыз енді. Әкімшілік заңдағы жазылған «674-бап. Мемлекеттік әшекейлерді заңсыз тағу» деген сөздерді ұғына алмадық. Бұл не қылған «әшекей» деп орысшасына үңілсек, «Статья 674. Незаконное ношение государственных наград» деп тұр. Мемлекеттік награда десе, бірдеңесі кете ме?! Әбділда ақыннның (Тәжібаев) салютті әшекей деп қолданатыны кезіктіргенмін. Сөз орнымен қолданса көгереді. «Әшекейдің» авторы кім екен? Заңды қазақша шығаратындар қайда қарап отырады осы(((
Елеужан Серімов
Фейсбуктегі парақшасынан