Жалаңтөс батырды iздесең жалаңаш қыздар жетiп келедi
Абайдың: "Көбi көпшiл келедi ондай қаншық" деген сөзiне ой жiберiп қараңызшы...
Арлы қыз бен арсыз қыздарға қатысты айтқан.
"Көпшiл қыз" деп отырғаны сырты сұлу, Астанинки.кз сайтындағы жас таңдамай, ұлт таңдамай кез келген адамға төсек болатын қазақ қыздары деп ұғынсақ болады. Абай егер осы заманда туылса қалай дер едi? Қазақстан қойны-қонышы ашық ел екенi рас.
Қай жағынан қарасаң да.
Ал анау Түрiкменстанда өзге елдiң азғындықты насихаттайтын да, насихаттамайтын да басылымдары мүлдем сатылмайды да оқылмайды.
Ал бiзде ше?
Құдай-ау, жалаңаш эротикалық небiр газет-журналдар пышақ үстiнен сатылып жатыр. Мәселен,Түркияда мұндай азғын басылымдар түгiлi сондай сайттардың есiгi құлыптаулы, тiптi түрiктер соған зар десе де болады...
Әлеуметтiк желiдегi қазақ қыздарының сәл ашық-шашық жерлерiн көрсе, ауыздарының сiлекейлерi ағып, лайк басып, шоқ гүзел деп, Түркияға шақырып жатқандарын көресiң. Ал бiздегi дiни сайттар ше?
Бетiн ашып қалсаң порноларын жарнамалаған сайттар қосамжарлана шыға келедi.
Мектептегi балаң Жалаңтөс батыр туралы ақпарат iздесе ол, жалаңаш қыздар тағы жетiп келедi.
Жалпы қазақты жәлеп қылудың, аздырып-тоздырып, лесбиянка hәм голубой қылудың сан қилы әрекеттерi жүргiзiлiп жатқанын көрiп отырсақ та үндей алмаймыз.
Жындысыңдар ма, үндемеңдер, ертеңгi үрiм-бұтағыңа қатты алаңдайсың ғой...
Депутаттар да алаңдайды.
Бәрi алаңдайды.
Сол үшiн жұмыс iстеп те жатыр.
Бауыржан Сегізбаев
Facebook-тегі парақшасынан