Халықты тек жасанды жеңіл әуенмен улап, ойсыз, жігерсіз тобырға айналдыру кімге қажет?

Ерланның зары.

Бұрын "осы Ерлан Төлеутай неге зарлай береді?" деп түсінбейтінмін. Осы жақында елге барғанда түсіндім: Ерекең бекер зарламайды екен: кешегі тау ішін өлеңмен жаңғыртқан Сәкеннің, күймен тербеткен Қыздарбектің елінде бірде-бір адам домбыра ұстамайды екен; әдеттегідей қазақтың тойы эстрадамен басталып, эстрадамен аяқталды. Ұлттық өнердің жұрнағы да қалмаған, елдің деңгейі сонша құлдырағаны ма сонда? Бірақ жұрт мәз, жеңіл әуенге елтіп қағанағы қарқ, сағанағы сарқ.

"Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа,
Адам ойы түрленіп ауған шақта.
Салған ән - көлеңкесі сол көңілдің,
Тактысына билесін ол құлаққа"

Бұл тойда менің көңілімнің құсы шартарапқа құйқылжыған жоқ, керісінше, өзін тордағы торғайдай сезінді. Өйткені мен адамның ойын түрлентіп, ойына ой қосатын ән естімедім. Абайдың зары Ерланға келіп ұласқан екен. Екеуінің ортасында халықтың рухани күйзелісін ерте аңдаған Сұлтанмахмұт тұр. Ол өлең-жырды "көңілді түзейтін машина" депті. Халықтың көңілі қайдан оңалсын, еститіндері ертеңді кеш жеңіл әуен, фонограмма. Бұрынғы қазақ тойдан көңілі семіріп қайтатын, қазір нәпсісі семіріп қайтады. Бұл қалай болды деп дал болып жүрсем, кешегі ресми жаңа жылдық концерт мәселенің басын ашты: сол баяғы жеңіл әуен, шат-шадыман түр жасап отырған актерлер, алдын-ала жазылып алынған фонограмма. Сонда ресми концертке шығаратындай бірде-бір қазақ классикасын айтатын әнші қалмаған ба? Әлде бұл халықты рухсыздандырудың, аздырудың алдын ала ойластырылған айла-шарғысы ма? Халықты тек жасанды жеңіл әуенмен улап, ойсыз, жігерсіз тобырға айналдыру кімге қажет? "Қысқасы, бір халықтың әні кетсе, әдебиеті жесір қалады, сәні кетеді, сәні кетсе жаны кетеді. Қазақты жансыз ағаш қылып отқа жаққыларың келмесе, әнді сақтаудың қамын қылыңдар" (Сұлтанмахмұт). Қазақтың сәні де, жаны да кетіп қалыпты. Оның жанын да, сәнін де кетірген жеңіл әуен, жеңіл әзіл, сайқымазақ жайлаған көк жәшік. Көк жәшікті қадағалауды қажет деп таппайтын, елдің тобырға айналуын үнсіз бақылап отырған құзырлы мекемелер. Ерланның зары жүрегіме енді жетті, ал сіздің жүрегіңізге жетті ме, қадірлі Ағайын?!

Omar Jaleluly
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста