Халықты сандалту тағы басталды.
4 пайыздық автонесие бағдарламасымен көлік аламын деп кезекте тұрғандардың тауы шағылды.
Енді жеңілдетілген пайызбен көлік аламын дегендер бұрынғыдай салонға емес, енді электронды порталға кезекке тұру керек. Ақша алу кезегің келгенде ғана салонға барасың. 60 күн ішінде көлікті рәсімдеп үлгеру керек.
Бірақ салонда көлік жоқ.
Мыналар өзара ақылдаспай ма? Ақша беретіндердің көлікте шаруасы жоқ. Көлік беретіндердің ақшада шаруасы жоқ.
Бардак енді басталады.
Диас Нұрақын
Фейсбуктегі парақшасынан