Үнемі күліп жүру үшін адам жан тыныштығына қол жеткізу керек

Сіз қалай үнемі күліп жүресіз? Сіз қалай бәріне уақыт табасыз? Сіз қалай 16-кг-ға арықтадыңыз? Сіз өлеңді қай уақытта жазып үлгересіз? Сіздің құпияңыз неде?-деп сұрайды менен журналист әріптестерім.

Қазмедианың бірінші этажынан 14-қабатына көтерілгенге дейін күнделікті еститін, маған қойылатын блиц опрос - осындай.

Ол – негізі құпия ақпарат. Бірақ фб достарым басқа ешкімге сырымды жаймас деп үміттенемін. Сондықтан тек сіздерге ғана айтып отырмын.

Үнемі күліп жүру үшін адам жан тыныштығына қол жеткізу керек. Айтуға ғана оңай кеңес. Ол үшін мен таңғы бесте тұрамын. Жұрт ұйқыда жатқанда, мен тұрамын. Медитация жасау үшін. Ерінбеймін.

Жарты сағат 18 мың ғаламның королімен тікелей байланысқа шыққан соң, менің бойыма шүпілдеп керемет, адам айтса сенгісіз шұғылалы энергетика енеді. Оны медитациямен айналысатындар ғана түсінеді. Өзінің жасау техникасы бар.
Сөйтіп күн шықпай тұрып, мені осынша бақытты еткен әлемдердің раббысына берген ризығы үшін алғыс айтумен бастаймын.

2-сұрақ бәріне қайтып уақыт табасыз?-емес пе? Таңы 5-те тұрған адамның жұмыс күні 9-да басталғанша артық 4 сағаты бар. 4 сағаттың бір сағатын ағылшын тілін оқуға, бір сағатын аудиокітап тыңдауға жұмсаймын. Аудиокітапты француз не ағылшын тілінде тыңдауым мүмкін. Ол сол күнгі көңіл-күйіме байланысты.

Білім- өзіңізге салынған инвестицияның ең үлкені. Ол сізді өзгелерден оқ бойы озық жүруге үйретеді. Бір сағат мен релакс музыканың сүйемелдеуінде таңғы коктейль ішемін. Таңғы коктейль тек ақуыз бен 22 түрлі дәрумендер мен амин қышқылдарынан тұрады. Өйткені мен өзімді қатты жақсы көргендіктен дұрыс тамақтану режиміне толықтай көшкен адаммын. Артқа қайтар жол жоқ. Бұл 3-сұрақтың жауабы.

Өзімнен аяғанды ит жесін деп сол үшін дұрыс тамақтану клубына қатарынан 4-ай барып дәріс алдым. Қандай есі дұрыс адам «тамақ ішуді» үйрену үшін 4 ай курсқа барады? Мен сияқтылар ғана барады ондай жерге...

Күніне бір сағат спортпен айналысамын. Мысалы бір сағат беговая дорожкада жүгірсем, сол уақытта ағылшын тілінен аудиокітап тыңдаймын.

Мен өз «сектамды» ешқашан жарнамалаған емеспін. Бірақ маған адамдар өздері тартылады. Сынықтан басқасының бәрі жұғады демекші, біраз адамға «қияли болмысымды» жұқтырған сияқтымын.

Ал кешке... О! Ол бір қасиетті уақыт! Үйге 1 сағат жаяу қайтамын. Күнде ақ орданың көпірінен жаяу өтемін. Есілге біраз сүйсініп қарап тұрамын. Бұлттарға сәлем беремін. Өлең осы кезде жазылады.

Ал түн! Ол мүлде бөлек. Бекежан Қособада не істеп жүр? Төлеген алты қазға не айтты. 14 жастағы Қыз Жібек бұқар тасындай өкшесі бар кебісін неге киді? Ұлым екеуміз талқылаймыз. Ол маған ағылшын тілінде жазылған топиктерін тексертеді.

Ал кіші ұл шешесін 10 сағат бойы көрмегендіктен төрт сағат бойы кенгуру секілді қалтамда жүреді. Тура мағынасында... Және үйде балаларыма ие болып отырған қарялармен бір күн бойы не істегенімді айтып, шер тарқатамын.

Ал жұмыс уақытында екі не одан да көп жұмыстарды қатар алып жүруге тура келеді. Қай туысқанның баласын, қай жерге жұмысқа орналастыру керек, кім оқуға түспей қалды, кімді қандай емханаға жеткізу керек, кімнің көңілін сұрау керек, кімнің затын аэропорттан беріп жіберу керек, кімді кіммен кездестіру керек т.с.с. кете береді.

Менің неге фб-да көп адамға лайк баса алмайтынымды түсінген шығарсыздар. Мен фб пост оқушы емеспін. Мен фб пост жазушымын.

P.S. Бұл өте құпия ақпарат. Сізге ғана айттым. Және оны бұл ақпаратты фб постымда көп ұстамаймын. Сенген сырымды ешкімге жаймаңыз. Өтінемін.

Tanagoz Tolkynkyzy
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста