ҰЛЫ БАҚЫТСЫЗДЫҚ КЕПІЛІ - БАЙДАН БАЙҒА ТИЮ!

ҰЛЫ БАҚЫТСЫЗДЫҚ КЕПІЛІ - БАЙДАН БАЙҒА ТИЮ!

 

Қазір қазақ қыз-келіншектерінің ажырасып, қайта байға тиюі «мода» болды. Тіпті, «шұбырған» бала-шағасымен бірге, көшіп жүріп бір байдан, екінші, үшіншісіне... тигіш. «Өткіштігіне» мақтанатынын қайтерсің?

 

Ал бұл, турасын айтқанда, мақтанатын қылық емес, ұялатын азғындық! Өзінің тән ләззаты үшін өз балаларының тағдырын құрбандыққа шалу!

 

Сонда, мен ойлаймын да, тоғыз ай іште көтеріп, төсінен тамақ беріп, түн ұйқысын төрт бөлген ана, өз балаларына қалай ғана осындай опасыздық жасай алады, деп? Санам жетпейді! Бұл балаларының жарқын болашағын өз қолымен түнек ету, сорлату ғой!

 

Мұндайың бар, әуел баста байға шықпа! Шықтың ба, ажыраспа!

 

Жарайды, болмады делік. Ажырастың. Енді бай туралы ойлама мүлдем! Өліп бара жатсаң, амал бар ма, біреуді тауып ал. Бірақ, ол тапқан бәлеңді балаларың ешқашан көрмесін, білмесін. Бала бақыты: «Менің анам періште!» деп есейсін. Анасын қызғанбаған ұлдан мықты еркек шықпайды!

 

Жалпы, қазақ әйелі басқа еркекті балаларына әке етемін деп, ойламасын! Болмайды ол!

 

Неге?

 

Өткеніңе қара. Сарапта.

 

 Қазақ жылқы мінезді халық. Мұны айтқан мен емес. Ал жылқы малы өзге айғырдан туған құлынды - болса сол туылған мезетте, болмаса басқа шақта, бәрібір шайнап, өлтіріп тастайды!

 

 Бұл гендік «информация» 6 мың (!) жыл - жылқы етін жеп, сүтін ішкен қазаққа да өтті!

 

 Ендеше: қазақ еркегі өзгенің «құлынын» өзімдіке дей алмайды! Болмыс сондай. Сол, гендік жады жібермейді. Осыдан келіп: «өзіңнен тумай ұл болмас» деген.

 

Бұдан шығатын түйін: Қазақ баласы өз бақытын өзге «әкеден» күтпеген, іздемеген! Әмеңгерліктің шыққан түбі осы. Басқаша етемін деу - баланың бақытын өз қолыңмен кесу!

 

Енді не істеу керек?

 

Қазақ қатындарының да байдан байға тиіп, өзін де, бала-шағасында «бақытты» ететін жолы бар ма?

 

Бар, ... егер қазақтың генін, мың-мыңдаған жылдар бойы, бір ұрғашысы бәріне ортақ шошқа малын қорек еткен ұлттардың генімен толықтай ауыстыра алсаң!

 

Мұны жасау қолыңнан келсе, жүз байға ти, ұрпағың зардап шекпейді. Себебі, генде бар қасиет болады. Ал келмесе, онда артыңды қыста, екінші рет байға шығуды ұмыт! Болмаса, қандай басы «алтын» адам тапсаңда, ұрпағыңа қасірет сыйлайсың! Жаңа «әке» балаңды «қабылдаса» да, балаң оны қабылдай алмайды! Себебі ол - өр рухты қазақ! Оның генінде ондай ақпарат жоқ!

 

Оның генінде: түз тағысы - көкжалдардың қоршауында қалған бүкіл үйірін жалғыз қорғап қалатын «Айғырлық» информация тұр! Осы «Айғыр» мінезден қазақты қазір айырып жатқан байшыл қатындар! «Жетілгенде арқыраған айғыр болатын құлынды», есі кірмей жатып өзге - «өгей» әкенің «құлдығына» өздері салады да, сосын «қазақтың еркектері нашар» деп, ренжиді.

 

Екінші, үшінші... байға тию, қазақ әйелдерінің өздеріне де жат қылық. Сондықтан олар бұдан ешқашанда бақытты бола алмайды!

 

Себебі, қазақ әйелдері де, сол 6 мың жыл бойы, құйрығы қайқайған, бар «абыройы» алыстан «айқайлап» тұратын, салдарынан қай қалаған еркегінің «еншісі» бола беретін шошқаның емес, «әуретті» жерін құйрығымен жабық ұстайтын, «еріне» опасыздық жасаса, Айғырынан қатал жазаланатын жылқы етіп жеп, сүтін ішті! Бұл әншейін айтыла салған сөз емес. Мән беріп, ойланып қараңдар.

 

Оқу-тоқумен адамның миы, ішіп-жеумен болмысы қалыптасады! Қазақ әйелінің шын бақыты: өзінің арқа сүйер мәңгілік жарын табу, содан ұрпақ өсіріп, сол ұрпағының рухани асқар биіктерді бағындырғанын өз көзімен көруі! Ал қазіргі, басқа жұртқа еліктеп, байдан - байға тиіп, боқ дүниеге батып, «бақыттымын» деп жүрген әйелдер - шын бақыттың не екенін білмей жұргендер!

 

Сондықтан, ажырасқан қазақ әйелдері балаларының келешегін емес, керісінше балаларының келешегі үшін, өз нәпсісін (тән ләззатын) құрбан етуі тиіс! Құдай қосқан, бір байдан, бала-шағаңның өз әкесінен таппаған бақытты, өзге байдан табамын деп ойлау - нағыз ақымақтық! Керісінше, бұл көп жағдайда үлкен қайғы-қасіретке ұрынудың себебі.

 

P.S. Бұл посты жазуыма, жазғандарын өзім «қуып» жұріп оқитын Жазира Бегалы қарындастың төмендегі посты себеп болды (сілтемеде).

 

Жазира, сен өзгелер сияқты диванда жатып алып ойыңа не түссе, соны емес, өмірдің өзін жазасың! Сондықтан сенің жазғандарың құнды! Қаламың мұқалмасын!

 

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1392008080998572&id=100005681798993

 

Геройхан Қыстаубаев

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста