Бір үлкен кісінің үйіне бардым. Жалғыз тұрады. Жолдасы да өмірден озған. Танымал адам еді. Жалғыз қыздан ертеректе айрылған. "Адам қызығарлықтай өмір сүрдік. Тек әттең... Өзекті өртеген өкініш қана..." Апай жылап қалды. "Әлгі қу жалғыз... соңғы демі үзіліп бара жатқанда "Менен кейін біреуді туып алғаныңда ғой... Қазір мен саған қарап сорлы болып, сен маған қарап сорлы боп отырмас едік" деді. Сол сөзі..." Анау-мынау деп неғыласыңдар?! Туыңдар мүмкіндік болса! Әйелдерге айтам.
facebook.com парақшасынан