ТОЗАҚТЫҢ "ТӨРІ" немесе ЖҰМАҚТЫҢ "ЖҰМБАҚТАРЫ"...

ТОЗАҚТЫҢ "ТӨРІ" немесе ЖҰМАҚТЫҢ "ЖҰМБАҚТАРЫ"...
Қытай жерінде атағы жер жарған Башбай деген өте дәулетті адам болған еді. Аймақтың уәлиі (Генерал - губернатор) болып тұрған кезде, үйіне оншақты молда - ищандарды қонаққа шақырады. Әңгіме - дүкен үстінде, Башбай: - Осы мен өлсем, орным қайда болады? - деп, тосын сұрақ қояды. Молдалар: - Башеке, Сіз өлсеңіз орныңыз - Жұмақ болады, хор қыздарының құшып, жұмақтың қызығын көресіз. Өйткені, сіз Еміл өзеніне көпір де салдыңыз, кедей -кепшіктерге көмектестіңіз, тіпті Кәрістерге самолет те алып бердіңіз... Сіздің орныңыз - жұмақ, - деп, жамырап кетеді. Молдалардың ішінде "оқу соққан" Мамырбек молда ғана үндемей отырып қалады. Башбай: - Мамырбек сен не айтасың? - деп, сұрайды. Сонда Мамырбек молда: - Башеке, Сіздің орныңыз тозақтың төрінде болады. Ішкеніңіз - арақ, айтқаныңыз - боқтық... Тозаққа Сізді қамамағанда , сиыр қамайды дейсіз бе? Емілге көпір салсаңыз, жүздеген мың малыңыз үшін салдыңыз, Кәрістерге самолет әперсеңіз, атағыңыз үшін әпердіңіз, - деп, айтып салады...
Қазақ үйдің ішінде бір сәтке тыныштық орнайды. Үнсіздікті Башбай бұзып: - Мамырбек шындықты айтады. Расында, "ол жақ" жақсы болса, сендер неге өліп қалмайсыңдар, хор қыздарын құшып жатар едіңдер ғой. "Ол жақтан" келген бірде - бір пендені көрмедім,жұмақтың да жұмбағы бар сияқты ғой - дегенде, молда - ищандар үндемей тарасқан еді, - дейді көне көз қариялар.

Советқазы Нұрсила
Facebook-тегі парақшасынан
 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста