Төрт құбыласы түгел адамдардың бақытсызбын деп айтқаны құлаққа түрпідей тиеді

БАҚЫТ ДЕГЕН...

Жыланның аяғын көрген адам бақытты болады-дегенді бала кезімде көп еститінмін. Көршінің балалары аузының суы құрып,
-Кеше жылан ұстадық.
Аяғын санап көрдік-деп мəз болып тұрғанда іштей қызғанып қалатынмын.
Бала қызғаныш қой!
Шіркін-ай сол жыланның аяғын мен де көрсем, мына бəтшағарларға
-Мен де жыланның аяғын көрдім, енді мен де бақыттымын -деп мақтанатын. Жыланның аяғының болмайтынын, тіпті бақыттың не екенін сол кезде біліппіз бе?

7-8 жастағы бала едік.
Қой бағуға шыққанда, күніміз жылан тасбақа, сарышұнақ аңдумен өтті. Тасбақаның аузынан шөп алсаң, бай боласың-дейтін. Құмды жер болғандықтан біздің ауылда тасбақа көп болатын. Олардың қайсібірінің аузынан шөп іздейсің?
Жақындасаң, аяқ-басын жинап ала қоятын. Ұзын таяқпен тасбақаны түртіп нұқып аударып кетсем, үлкен ағам мен төңкеріп кеткен тасбақаларды оң қаратумен болады.
Жаңбыр жауадымыс .
-Ара-тұра жаңбырдың да жауғаны жақсы емес пе?
.Ауыл адамдары мазараттың жанына барып, құран оқытып, тасаттық жасап əуре болмайды.
Тасаттық.!
(Тасаттық деп тұрғанымен оның да мəнін терең түсінбеппін )
-Тасаттық жасау керек! - дейтін ағам
Өзінің жасы сол кезде 11-де болса да, үлкен адамдарша сөйлейді.
Тасаттық кезінде өлген əруақтарға арналып та құран оқылады. Жерге еккен егін мол өнім беру үшін, ауыл адамдары болып Алладан тілек тілейді - дейтін.

Бір күні ауыл адамдары мазараттың жанындағы алаңқайға жиналды. Үлкен қазанмен ас көтеріп, бауырсақ пісіріп, құран оқыды. Көрші əжей ұсынған ыстық бауырсақты қолыма ұстатып тұрған ағам
"тасаттық" деген осы -деп түсіндірген болды. Аспанға қарап тұрып:
-бүгін жаңбыр жауады.
Ж үр ертерек малды үйге айдайық.
Айтқандай-ақ, артынша аспанды қою қара бұлт басып, күн күркіреп, нөсерлеп жаңбыр жауды. Адамдардың тілегі тез орындала қалғанына таңырқап:
-Енді бақыт -деген не?
Жұрттар жаңбырды Құдайдан тілеп, құран оқып жүріп сұрап алды. Міне тілегі тез орындалды.
Ал, біз не үшін бақытты жыланның аяғынан, тасбақаның аузынан іздеп жүрміз?
Мүдірген жоқ.
- Ата-анамыз жанымызда , тыныш заманда өмір сүріп жүрміз,
бақыт -деген сол ғой! Кел отыр ендеше екеулеп Алладан сұрайық!

Екеуміз малдарды əрірек жайғап , малдас құрып, күс-күс алақанымызды жайып, Құдайдан бақыт тіледік. Сөйтіп отырғанда өзімен-өзі кетіп бара жатқан тасбақаға көзіміз түсіп, Алладан тілеп отырғанымызды ұмытып, тасбақаның аузына үңілдік. Бақытқа оңай қол жеткізгіміз келгендей, өзі тырбаңдап зорға жүріп бара жатқан тасбақаны таяқпен түртіп әбден əуреледік.
Əлгінде ғана айтқан
"Бақыт -деген ата-ана"-деген сөзіміз ұмыт болғандай тіпті .
Бала едік қой !
Ал қазірше?
Ересек адамдармыз.
Төрт құбыласы түгел адамдардың кейде бақытсызбын-деп айтқаны құлаққа түрпідей тиеді.
Бірі бақытты қырдан іздесе, бірі ойдан іздеп əлек.
Бақыт деген ол ата -ана, бауырларың, балаларың, отбасың емес пе?

Салтанат Абылбекова
Фейсбуктегі парақшасынан

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста