Тойға шашылу "Жиғаның тойға шашылсын" дегенді тура мағынасына түсінгеннің әсері

Тойға шашылу "Жиғаның тойға шашылсын" дегенді тура мағынасына түсінгеннің әсері

"Жиғаның тойға шашылсын"  немесе "Үш күндігін ойламаған әйелден, үш жылдығын ойламаған еркектен без"

Әр ұлттың өзіндік ділі болады. Ділді қалыптастыратын психологиясы болады.

Өзге өңірді білмеймін, ал оңтүстік қазақтары арасында той жасар алдында ағайын мен жақын достарды шақырып, мәслихат жасайтын дәстүр сақталған. Қазір мәслихаттың да жүгі жеңіл болып қалды.
Ал біздің бала күнімізде мәслихатта тойға неше адам шақырылатыны, сойыс малы, дастарханға қойылар ішіп-жем мөлшері анықталатын (Сосын тойбасы, асаба, ат байлаушы, ет ұстаушы, арақ ұстаушы, құда күтуші, табақ тартушы, шәй тасушы, самаурын қайнатушы деген қызметтерді кім атқаратынын белгілеп, әрбіріне жауапкершілік жүктелетін).
Дастарханға мәзірі сөз болғанда той иесін шашылуға итермелейтін ағайынның бірі міндетті түрде астын сызып айтатын "Жиған-тергенің тойға шашылсын" деген сөз...

Бұл сөздің шығу төркіні де түсінікті.
Қазақ халқы 20-ғасырдың алғашқы жартысын өмір сүріп емес, өмір сүру үшін күреспен өткізіп, қарны кәдімгі қара нанға 1960 жылдары ғана тоя бастады.
Екінші дүниежүзілік соғысқа аттанған 3 қазақтың екеуі оралмаған қазақ арасында баласы әскерге аттанса да, алдымен күндіз мал сойып ауылдастарды шақырып құдайы жасап, кешке жастар үшін шығарып салу тойын жасау дәстүрге айналды. Жетіскеннен емес, аман қайтсын деген тілек. Әлдеқандай болады деген баяғы сол бойға сіңген қорқыныш...

Әлемдік нарықта мұнай бағасының көтерілуі қазақ халқы арасында жаңа "дәстүрлердің" қалыптасуына жол ашты.

Соңғы жылдары үрдіске айналған қарызданып-қауғаланып болса да, тойға шашылу "Жиғаның тойға шашылсын" дегенді тура мағынасына түсінгеннің әсері.
Оның арты бәсекеге айналып, "әншілердің" дәуірі жүрді.  Ұл той болса, тойханаға сәйгүлік кіргізудің арты машина кіргізуге жетті.
Машина эскорты түгілі, вертолетпен жүргендерді де көрдік.  "Торт асату" деген секілді неодәстүрлер шықты.  Мұның бәрі сол бәсеке деген әрекеттен туған еді.
"Өлім бардың малын, жоқтың артын ашады" деген ескіден қалған мәтел той дәстүріне енгені құндылықтардың орын ауыстырғаны еді.

Шымкентте алғашқы тойхана 1997 ж. Тәшенов көшесі мен Жібек жолы көшесінің қиылысындағы бұрынғы тоқыма фабрикасының ғимаратында ашылып еді. Артынан тойхана бәсекесі басталды (Қазір өзін өзі "сыйлайтын" кәсіпкерлердің тойханасызы жоқ).

2000 жылдардың басында үлкен ұл мектеп бітірді. Мектеп бітіру кешін ұйымдастыру мәселесі қаралған ата-аналар жиналысында болдым.
Ата-аналар таңдаған тойхананы мектеп директоры "Мен құдайы тамақ істейтін жерге бармаймын" дегенін өз құлағыммен естіп, тіксініп қалдым (Кездейсоқтық болар бәлкім, біраз жылдан соң сол әйел қылтамақтан қайтыс болды. Үлкен қызметтегі інісі қазір түрмеде отыр).

Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар.
Заманға қарай озығын сіңіріп, тозығынан бас тарту керек.
Сол секілді қазақтың мақал-мәтелдері мен "даналық сөздеріне" бір үлкен "ревизия" керек.

Аштан өле қоймаспыз...
Дегенмен, бұрынғы молшылық енді болмайды.
Сондықтан, "көрпемізге қарай көсіліп" енді мұнайсыз өмір сүруге дағдылану керек.


Өмір Шыныбекұлы
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста