Темекі тартады, аузы сасық мұндай əйелмен қалай тұрам

Жас кезімде үйленбей жүріңкіреп қалып, оннан астам достарыма жігіт жолдас болғанмын. Солардың біразы,қыздарын алып қашқан еді. Əрине, екі жақтың келісімімен.
"Жаман қыз шашып кетед,жақсы қыз қашып кетед..."деп,мақұлдап-мақалдап қойып ,тойларында талай тапағанмын...
Оқу бітіріп келіп,ауданда потребсоюзда жұмыс істеп жүрген кезім. Бір күні ауылдан досым келіп тұр. Қыз алып қашып келіпті. Түнде бір вешірде танысқан екен,қыз масаңдау болып,алып қашуына келіскен. Енді бүгін сауалғаннан кейін,көнбей жатыр дейді. Мен "көнбесе жібер,не істейсің"десем. "Ауыл тойға дайындалып жатыр. Қайтсекте көндіру керекпіз"дейді. Ол кезде арақтың деффицит кезі. Райпотребсоюзда жүрген соң,қолда аздап билік бар. Дүкеннен төрт-бес шөлмекті салып алып,келіншекті алып қашып келген апасының үйіне бардым.
Екі-үш жігіт,қызды көндіре алмай отыр екен. Əп-əдемі қараторы қыз. Үн-түнсіз. Қабағын түйіп алған. Мəн бермеген болдым. Кеш боп қалған уақыт. Мен апарған шөлмектерді,жəймен ашып "жұқалай"бастадық. Қазір ғой, көп ешкім араққа жоламайды. Ол кезде,деффицит болған соң ба? Арақ көрсе,ішпейтіндер де ішетін еді ғой... Аздан соң қызымыз көңілденіп,күліп-сөйлей бастады. Бəріміз досымызды жер-көкке сыйғызбай мақтап отырмыз. "Совхозымыздың маңдай алды шөпірі""Қақ соқпен ісі жоқ""Ақкөңіл" Əйтеуір мақтағанымыз сондай,көпке ұзамай қызымыз "сынды". Түн оратасы ауа,бəріміз аудан орталығынан ауылға шықтық.
Ауылдағылар да дайын отыр екен. Ақ орамалды тағып,үйге түсірдік....
Ертеңі түсте үлкендерге, кешке жастарға той. Мен баяғы "дружок" Той өтті. Кешкі той басталды. Келіннің қабағы сынық. Жігітте пəлендей көңілді емес. Қаралай мен қысылып барам. Ұрысып қалдыңдар ма?десем. Жоқ дейді. Шамасын біліп отырмын. Қыз өкініп отыр... Таң ата той тарады. Бəріміз үйге кеттік.... Ұйықтап жатсам досым келіп тұр. Ана қыз ақыры көнбеді. Мана таңертең сендер кеткен соң, қалаға автобусқа салып жібердім дейді!!! Ішім удай ашыды....
Арада бір жыл өткен соң,бір күні кешкілік,əлгі досым тағы келді. Жəй келмепті. Тағы да қыз алып қашқан. Маған тағы да жігіт жолдас бол деп,өтініш айта келіпті. Көндім. Көнбегенде қайтем? Менен басқасы түгел үйленіп болды. Тек сұрағаным,қыз өз еркімен көнді ма дедім. Ол жағынан саспа, бəрі зың деді.
Уйіне бардық. Кішкене бойлы,көздері боталаған,əппəқ əдемі қыз...Бұл да қаланыкі. Менің бойы мыртық досымның, қай жеріне қызыққанына түсінбедім...))
Дүрілдеп той өтті.... Жас жұбайларды оңаша қалдырып,уй-үйімізге тарадық.
Бірнеше күн өткен соң,кештете досым келді. Көңіл-күйі жоқ. Ажырасатын болдым дейді. Не боп қалды десем. "Темекі тартады, аузы сасық мұндай əйелмен қалай тұрам" дейді. Темекісін тастатуға тырыс деймін. Үндемейді. Сөйтсем,ол кезде темекі де деффицит. Менен темекі сұрай келіпті. Өзім еш уақытта шекпесем де, товаровед болған соң, уйде блогымен жататын. Сонымен не керек, бір айдай тұрған соң, темекісін тастата алмай, кетпейм дегеніне қарамай,ол келіншегінде қалаға өз қолымен əкеп тастады....
Зырлап тағы бір жыл өтті. Жаздың жайма-шуақ бір кешінде,досым тағы келіп тұр...))) Қыз алып қашпақшы екен. Маған тағы да...))) Қой дедім. Енді саған жігіт жолдас болмаймын. Басқа біреуді ізде деп,күдерін үздім. Ренжіді....Той үстінде,қызып алып,ренжіме досым,келесі жылы əбизəтілні болам дедім. "яптмайт" деп бір боқтады...
Бірақ,келесі жолы үйленбеді. Осынысымен қалды. Қалмағанда қайда барад?!
Үш ұл,төрт қыз туып берсе...

Малик Ораков
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста