Тас теру хикасы: Күнәні қалай жуып шаюға болады?

Баяғыда бір дана қарттың алдына екі келіншек келіп өмірінде жасаған күнәларын осы дүниеде қалай жуып шаюға болатынын білгісі келіпті.
Қарт сәл ойланып:
– Екеуің қазір мына тұрған қырдан тас теріп алып келіңдер, – деп бұйырыпты. Екі келіншек етегіне біраз тас жинап, қарттың алдына қайта келіпті. Енді «бұл тастармен не істейміз?» дегендей, екі келіншектің жүздері сұраулы еді.
– Енді дәл осы тастарды алған жерлеріңе қайта апарып, әрбіреуін орын-орнына қойыңдар, – деп қарт екінші бұйрығын береді.
Екі келіншек тағы да қырға беттейді. Біраз уақыттан соң, қарттың алдына бірінші келіншек келіп, алған тастарының аздығынан әр қайсысының орнын есте сақтағанын, және орына қойып келгенін айтады. Артынша екінші келіншек жүзі ашулы келіп:
– Менің алған тастарым тым көп, әрі ұсақ. Оның барлығын қай жерден алғанымды қалай есте сақтамақпын? Мен біреуін де дәл орнына қоя алмадым, – деп кейіді.
Қарт сонда:
– Бұл тастар – сендердің жасаған күнәларың. Көпшілік адам жасаған күнәсін ұмытып кетеді һәм қай жерде, қашан жасағанын есте сақтамайды. Бірінші келіншек күнәны азырақ жасауға тырысады екен, тасты сол себепті азырақ алды. Әр ісін байқап жасау – күнәны азырақ жасауға сеп болады. Екінші келіншек сабырсыз. Көбірек күнә жасаған соң, бірін де есте сақтамайды.
Қорытындыда айтар ақылым: Өзіңнің қандай күнә жасағаныңды біліп жүрсең болғаны. Біліп жүрген адам істегеніне шынайы өкіне де алады, – деп қарт сөзін түйіндепті.
Жазира Сәду
Facebook-тегі парақшасынан

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста