Тәртіпті сылтау етіп халық қалтасын тартқылау – айтуға ауыз бармайтын мүлде ұят нәрсе

Тәртіпті сылтау етіп халық қалтасын тартқылау – айтуға ауыз бармайтын мүлде ұят нәрсе

Күнделікті жұмысқа барамыз. Таңғы жеті болмай үйден шықпасаң, 8.30-да басталатын жұмысыңа үлгермейсің. Сонымен 8.00 болмай жұмысыңа жетесің. Автотұраққа көлігіңді қоясың. Міне, осы қойғаннан бастап, ерте шықтым дегенде түс ауа жұмыстан шығатын уақыт аралығын минут-секундына дейін санап отыратын AParking деген АПАТ бар. Сол АПАТ сенің көлігіңнің автотұрақта қанша сағат, қанша минут тұрғанының есебін шығарады. Таңғы 7.30 - 8.00-ден кем дегенде 14.30 - 15.00-ге дейін тұрғанына күніне 700-800 тг төлейсің, шындығында төлеттіреді.Төлемесең (әдейі емес әрине, ұмытып кетесің) аптаға жетпей артыңнан 7-8 мың штраф кеп тұрады. Сонда бұл AParking иелерінің ғана ата-бабасынан қалған жері ме? Солардың ата-бабасы ғана қан төгіп, мұраға қалдырып па екен? Маған әлі күнге түсініксіз. Қаншама ақша шығарып, арнайы жер асты немесе қабатты бірнеше паркинг салып, соған ақша алып жатса ештеңе демейсің ғой. Жол шетіндегі бұрыннан бар, дайын тұрақтар. Осыған 7 млрд ақша жұмсалды дегенге біздің үйдегі Муся да сенбейді ғой... Жұмысының алдындағы тұраққа тегін көлігін қоя алмаса, атының шылбырын байлай алмаса, сонда ел көлігін төбесіне көтеріп жүру керек пе?
Базар маңындағы паркингтерге ақша төлеу орынды болар. Көлікті қалай болса солай көрінген жерге қойғанға қарсымыз, әрине. Тәртіп сақталу керек. Бірақ тәртіпті сылтау етіп халық қалтасын тартқылау – айтуға ауыз бармайтын мүлде ұят нәрсе. Оның ақшасы не бюджетке түспейді екен. Сонда кімнің қалтасын қампайтып отырмыз?
Қаңтар оқиғасынан кейін ХАЛЫҚТЫҢ ЖАҒДАЙЫН ЖАСАЙМЫЗ, СУДАЙ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМЫЗ деп берген УӘДЕЛЕРІҢ рас болса, осы мәселені шешіп, көшедегі автотұрақты ақылы қылуды тоқтатыңдар. Бүгін жаңа келген қала әкімі Алматының зиялыларымен кездесіпті. Руханиятқа байланысты әңгіме болған шығар. Дұрыс қой. Бірақ автотұрақ мәселесі де елдің, әсіресе, мектеп пен оқу орындары ұстаздарына салмақ түсіріп отыр. Осы автотұрақсыз Алматының аңқасы кеуіп, арқасы ашылып қалмайды. Онсыз да бір адамның ғана қалтасын қалыңдатып жатыр екен ғой.
Кейде Алматы қаласы Мәслихатының депутаттары осы мәселе жайлы ойланып көрді ме екен деп ойлаймын... Депутат мырзалар, ойланып көрдіңіздер ме? Ойланбасаңыздар, ойланыңыздар, шешіңіздер осы мәселені. Көшедегі ақылы тұрақтарды жойыңыздар.
Қаңтардан бері үш ай өтті. Алдағы уақытта бүкіл қала көшелеріндегі автотұрақтардың тоқтатылуына байланысты петиция ұйымдастырылса, бірінші боп өзім қол қоям...

Еркін Шүкіман

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста