Неге екенін, киіз үйдің есіктері аласа болып келеді. Бойы ұзындардың екі бүктетіліп кіргенін талай көрген едім. Осыны неге биік қылып жасамаған екен деген ой да келген. Сүйтсем, бұл шаңыраққа деген құрметтен шыққан сияқты. Тағзым етіп, сәлем салып кіргендей болады ғой. Сықырлауықтан (киіз үйдің есігінен) тіпті кеудесіне нан піскен тәкәппар кісілердің өзі де иіліп бас сұғады. Мұнда “еңкейгенге – еңкей, ол атаңның құлы емес, шалқайғанға – шалқай, ол құдайдың ұлы емес” деген батыр бабаларымыздың ұлы өнегесі жатыр. Бұл енді менің жеке ойым...
Жолымбет Мәкішев
Facebook-тегі парақшасынан