Шынымды айтсам, еркектерді аяймын

Шынымды айтсам, еркектерді аяймын

Шынымды айтсам, еркектерді аяймын. Шын аяймын.
Әйелге Алла қырық жанды тарс еткізіп бере салған. Ал еркектерді аурудың алдында соншалық әлсіз етіп жарата салған. Температура 37,5 болса, олар құлап қалады. Рас айтам.
Ол бергі жағы. Еркектердің ең әлсіз жағы - әнебір сылаңдаған б@ле ғой, яғни ӘЙЕЛ! Әйелдің нәзіктігі мен әлсіздігі - оның күші. Әйел әлсіздігімен еркектерді жеңеді. Көзіне оңайлықпен жас келмейтін (табиғаты сондай) еркек байғұс қанша физикалық мықты болса да, әлсіз әйелдің алдында барынша әлсіреп қалады. Әйелдерсіз өмір сүре алмайтынын білгендіктен, амал жоқ, иіледі. Соны сылаңдаған б@лелер жаман пайдаланады. Негізі өте айлалы, қумыз ғой. Жыламайтын еркекті жылатып, кеткісі келмейтін еркекті бездіріп, қашып жүрген еркекті суырып алып, қуырып жібереміз. Кәдімгі коронавирус сияқты барлық еркекті ауыртып тастаймыз. Жас кезде еркек атаулы өзінше қоразданып жүреді де, 40-тан кейін жүні түскен бала-шөжедей болады. Сосын елуге таяғанда әйелінің ТҰҢҒЫШЫ болып шығады...
Ал алпыста әйелінің әуенін шырқайды.
Әйелі не берсе, соны жейді. Таңдауы жоқ. Егер қапелімде "ананы жеймін" деп қалса (сылаңдаған б@ле ол кезде анаконда болып үлгереді ғой), анаконда жұтып қоя ма деп қорқады.
Тіпті әйелі киімін жуса - таза киіммен, жумаса - кір киіммен жүре береді. Соғысуға дәрмен жоқ. Желание де жоқ.
"Ай, хатын!" - деп айқайлап қалса, сосын бес ай "айыбын" жууы керек))
Сирек "бақытты" еркектер бар енді, бірақ олар да тоқал алғысы кеп іштей армандап жүрген шығар?))
Жаңа өмірге келген нәрестесін қолына алуға қорқады олар бір жерін сындырып аламын ба деп. Ал сендер болса шақалақты күйеулеріңе тықпыштай бересіңдер. 2-3 ай толсын, сосын-ақ кинконг қолдарымен бөпесін жұбатады.
Ау, бикештер мен ханымдар! Еркектерді тым қинай бермеңдер, олардың терісі кенептен болғанымен, жүректері фарфордан!
Бізге бола сақалын қырып, мұртын басатынын, тісін жуып, душқа түсетінін бағалаңдар!
Оларға салсаң, шикі ет жеп, шаштарын ұстарамен алып тастап, сақалын айына бір-ақ рет қырып, әтірді тіпті сеппей, мәйкі-түрсишең жүре берер еді. Сылаңдаған б@лелер, яғни бізге бола сонша еңбектенеді.
Еркектер негізі ақкөңіл, сенгіш, мейірімді. Тек бала туып, емізе алмайтыны болмаса, олардың бойы тұнған мейірім ғой! Көз жеткізу үшін кішкентай қызыңызды екі сағатқа күйеуіңізге тастап кетіңізші, сонда көресіз - қызыңыздың бағулы-қағулы, тәттіге қарны тоюлы, беті-басы бояулы, үстіне жылы киім киюлі екенін!))
Еркектер балаға онша теткеу қоймайды, себебі мейірімді ғой! Баланы әйелі сияқты нәзік жаратылыс деп есептейді де, көңілін қимай, оның қалағанын істейді. Алдап қойсаң, тіпті мәз боп қалады өңкеңдеп))
Осындай дөрекілеу, бірақ тер мен шуаш сасып жүретін, үйінде еркін көмірқышқыл газын аямай жібере салатын, не берсең де - жей салатын, айтпасаң, аяқ киімін төрге шеше салатын, қорылдағанда тоғыз қабат көршілер оянып кететін, семірсе де - өздерін мачо санайтын, таз болса да - өздерін Төлеген деп ойлайтын еркектерді ардақтаңыздар!
Бәрібір еркектерге өмір сүру оңай емес... біз сияқты улы жыландардың ішінде...

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста