Шындықты сонда қай уақытта айтамыз?
Уақытында айтылмаған шындықтың қадірі жоқ дегенді оқып, ойланып қалдым. Қай кезде шындықтың қадірі бар. Шындық сеспей қатыратын удай зәрлі, жаныңа бататындай ауыр, көзіңді шұқитындай өткір, есіңді шығарардай ащы. Шындықпен ешкімге жақпайсың. Шындықты айтшы. Досың да,туысың да, әріптесің де, құдай-ау бәрі бірден сырт айналады. Жек көріп, өзінше не керек екен осыған деп беттерін тыржитады. Сәлеміңді алмай, кеуделерін көтереді. Ақыр соңында дүниедегі ең сорлы өзің боласың. Содан кейін ол шындықтың кімге керегі бар дейсің ғой. Жанын ауыртпайыншы,жүйкесін жұқартпайыншы, өзі ішінен біледі ғой бәрібір, түсінігі бар деп үндемей бүгіп қаласың. Сол ма шындықтың қадірі?! Түсінігі болса, қанеки? Іші білсе де, тайраңдайды. Мен сондаймын демейді. Шындықты сонда қай уақытта айтамыз? Өлген соң да айтпаймыз. Өлгеннің артынан жаман айтуға болмайды деп қоя саламыз. Айтып көрші. Өлген соң да тыныштық бермейтін не деген бәлеқор мынау деп тағы жеккөрінішті боласың. Мен бар ғой осыдан кейін адамдар шындық деп бер жағынан шырылдағанымен шын мәнінде шындықты жек көреді деп ойлаймын.
Бақыт Жаншаева
Fаcebook-тегі парақшасынан