Шымкент қыздары өте пысық расымен. Үйдің жанындағы дүкенде өрімдей жас қыз сатушы боп істейді. Мектепті былтыр аяқтаған. Сырттай оқиды. Сол ана күні айтады: "Ағам Франциядан күшті әтір әкеп берді. Теңгемен санасам, бағасы 51 мың теңге болады екен. Коробкасын ашпаған күйі тығып қойдым".
- Е неге?
- Жасауыма қосуға керек қой.
- Тұрмысқа шыққалы жатырсың ба?
- Жоға, әйтеуір бір шығам ғой.
Жанат Нұр
Facebook-тегі парақшасынан