Бүгінгі балалар біз секілді азаннан-қара кешке дейін үй бетін көрмей далада жүрмейді. Жалаң аяқ, жалаң бұт, ағашты ат қып шаппайды. Əрі-беріден соң қазіргі жеткіншектер біз көрген мультфильмді де тамашаламайды. "Человек пауктен" басталатын тізімнен баяғы мультфильмдерді таба алмайсыз. Осы "Өрмекші адам" бар баланың кумирі қазір. Біздің Ерекеңнің де есі кетеді. Екі сөзінің бірі "Шелабек пауык". Əлгінде осы сен "əкеңді қатты жақсы көресің бе, əлде "Шелабек пауыкты" ма?" деп сұрадым.
- Сізді қатты жақсы көрем, "Шелабек пауыкты" жəй жақсы көрем,- дейді. Əйтеуір, "Человек паук" əкесінен артық емес екен:-)
Ержан Байтілес
Facebook-тегі парақшасынан