Емханада кезекте отырғанда неше түрлі жас аналарды көремін. Түріктің жас аналарына қарасаңыз, екі түрлі форма: тізеден төмен белдемше мен иығын жапқан кофта немесе тобыққа түсетін мол көйлек киген. Бастарында орамал, орамалы жоқтары шаштарын әдемілеп түйіп алған.
Ал қазақтың жас аналарын көрсеңіз, жуан саннан келетін шорти мен топик, жыртық шалбар, жалбыр шаш, іш киімінің сызығы білініп тұратын тар спорттық шалбар....
Көшеде өзімен өзі жүрген қыздардың мұндай киімдеріне көз үйренген, бірақ, өзі жуан саннан келетін, оның үстіне екі шетінде жырығы бар шорти мен топик киіп, шашын жалбыратып кішкентай бөпе көтерген келіншектің жүрісі көрер көзге ерсі екен.
facebook.com парақшасынан