Шайтанның әйелінің аты кім?

Молда мешітте халайыққа уағыз айтып бітіп:
– Егер түсінбегендеріңіз болса, қысылмай, сұрап отырыңыздар. Қане, кімде қандай сауал бар? – дейді.
Сөйтсе, арт жақтан біреу қол көтеріпті де, әй жоқ, шәй жоқ:
– Осы шайтанның әйелінің аты кім? – деп қойып қалыпты.
– Шайтанның әйелінің атын дауыстап айтуға болмайды, бері кел, құлағыңа сыбырлайын, – деп молдекең оны жанына шақырып алыпты да, даусын бәсеңдетіп:
– Сенің денің сау ма өзі? Шайтанның әйелінің атын мен қайдан білейін? Үйлену тойларында болыппын ба? Сұрайтын басқа ештеңе таппай қалдың ба? Бар да, қайдағыны сұрамай тыныш отыр! – деп жер-жебіріне жетіп, ұрсып тастайды.
Әлгі бейбақ орнына барып отырса, қасындағылар «шайтанның әйелінің аты кім екен?», «аты кім екен?» деп қайта-қайта сұрап қоймаса керек. Сонда ол:
– Шайтанның әйелінің аты өте ұзақ һәм тым қиын екен, тілім келмейді, оны тек молдекең ғана айта алады. Білгілерің келсе, өздерің барып сұраңдар, – депті.

Сәкен Сыбанбай
Facebook-тегі парақшасынан 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста