Саясат өзім және сайқал қатын


Осы бар ғой, "сен саясатпен айналыспасаң, сенімен саясат айналысады" дейді ғой бір білгіштер. Олай болса менімен айналыспай тұрып, онымен мен айналысқаным жөн шығар, масқара боп қалмай тұрғанда ше...
"Аттың сыры иесіне мәлім" деген бар емес пе. Байқасам бала күннен-ақ саясаткер болыппын ғой, осы уақытқа дейін қалай байқамай келгем. Мектептің тоғызыншы, оныншы сыныптарында оқып жүргенімде қар жауса қансонар деп сабаққа бармай аңға шығып кететінмін. Содан класс жетекшінің үйіне бір-екі қырғауылымды апарып тастаймын ғой баяғы. Ол кісі сабақ турасында мүлде жақ ашпайды "өзің тәуір аңшы екенсің ғой" деп арқамнан қағады. Со кезден-ақ пәле екенмін-ау өзі.
Қазір мына жерге қатысты 26-бап деген зауал шықты ғой. Бұл жерде де байқас болу керек. Болмаса қораға кіріп кетуің әп-сәтте. Мұның да есебін тауып жүрмін ғой. Ә дегенде, көпті қолдайсың, "қалай сонда кім-көрінген ертең жерімізді иеленіп кетсе не болады" деп. Артынша "біз зайырлы мемлекетпіз, қазіргі нарықтық заманның талабы осы, егер қажет болса кейін жер кодексіне өзгеріс енгізуге де болады ғой, жоқ жерден неге осы дау іздейсіңдер де отырасыңдар" деп бір қоясың ғой.Елдіктің сөзін айтасың, елді сабырлылыққа үндейсің. Осыдан кейін мені саясаткер емес дей аласыз ба?
Тіпті қарапайым өмірдің өзі де тұнып тұрған саясат қой. Көршің балға сұрап келеді, бересің. Бермесең ертең өзіңде жоқ араны сұрау қиын болады. Айтып отырмын ғой, ұсақ-түйектен бастап ғаламдық ойларға дейін ми қатпарым саясатқа құрылған менің деп.
Айтпақшы ше, менің анам Кеңестер уақытысында ҚазССр-інің 1971-1975 жылдары сегізінші шақырылымда Жоғары Кеңес депутаты болған кісі. Жалпы қанымда боп тұр ғой. Бір күні мені де халқым депутаттыққа ұсынып жүрмесін әлі. Бірақ ше, ол кезде ойлану керек. Өйткені ол кездің депутатына қиын болуы мүмкін. Әттең, нағыз депутат болатын уақытым өтіңкіреп кетті ғой менің. Өзімнен да бар. Бірақ ше, саясаткер үшін не тәйірі, реті табылмайтын дүние болушы ма еді. Бір сайланып алсам, "олай да болады, бұлай да болады енді" деп елдің басын қатырар сөз таба алмайды дейсіздер ме. Ондайды қатырам ғой ше...
"Саясат сайқал қатын" дейтіндер бар. Сайқал қатыннан бір қорлық көргендей айтады ғой кеп. Міне бұл да саясат. Болмаса сайқал қатындардың дәурені жүріп тұрған заман емес пе ше...

facebook.com

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста