Askhat Aimagambetov мырза!
Алтынсарин академиясын мүлде жауып тастау керек! Биылғы құжат не стандарт жоқ сайттарында. Жобалары мен сырғыма проекттер вацапта қаңғып жүр.
Біз көктемде онлайнмен миымыз ашып жүргенде талай нәрсені өзгертіп жіберіпті. Көркем еңбек ұл қыз деп бөлінбейді. Қалада оқушы саны 24 тен асқанда, ауылда 20 баладан асса бөлінеді. Ең үлкен ауылда 20 жеткен класс комплектісі өте аз. Бұрын информатика, орыс тілі, ағылшын, дене шынықтыру түсініксіз жағдайда өзін-өзі тану бөлініп оқытылды. Қазір жоқ. Информатика негізгі сағаты 11, физика 14, биология 13 сағат қалды. Енді осы сағаттар үшін ауылға маман тарта алмайсың. Ақша өскені не керек, сағаттар қиылып жатыр. АКТ 2021 ден 1-2 ге кіру керек болған АКТ ны 2022 ге жылжытыпты. Информатика бағдарламасы бардак. Көрінген дүниені тыққан. 16 сағат ставка келгенше біраз мұғалімдер жұмыстан кетіп жатыр. Шолпан Каринова бас зауыш сізсіз ғой, бұл жолды алып тастау кімге тиімді болды? Ақша үнемдеп жатырсыздар ма? Түгел сағаттарды түгел қысқартып, мектепті біржола жаба салмайсыздар ма? 57-тармақ не үшін алынды? Ұл мен қыз не үшін бөлінбейді? Кім жасап отыр? Толық түсінік күтеміз. Әлде ауылды жою үшін бе? Rustem Bigari 50 000 кәмпөтір алғандарыңызды қайтейін 1 кәмпөтір де бұйырмады.
Meirzhan Temirbek
Фейсбуктегі парақшасынан