Қос жанар – Тәңірдің тамшысы
Кейде адамның қос жанары Тәңірдің тамшысы емес пе екен деп қоям.
Үнемі мөлдіреп тұрады... Қанша мұң сіңірсе, сонша қуанышты да сыйдыра алады. Алайда сол моншақтың бергі жағын ғана көреміз. Ал оның ішінде не бар екені беймәлім. Жүрек ше? Ол да сондай ғой! Бәрін қаттап, қабаттап, сақтап қойсаң болғаны. Ешкім байқамайды.
Ех, бірақ қайтеміз оны?! Жанары ойлы ма, ойсыз ба, терең бе, әлде жас тұнып тұр ма қажеті қанша?! Жүрегінде жүк бар ма, жылап тұр ма, әлде, тағдырдың тыртығы қалып кетті ме? Ең маңыздысы ол емес қой! Адамдар үшін ең маңыздысы қалтасында не бар екені, қайда бара жатқаны, кімнен келе жатқаны, не істейін деп жүргені...
Құралай Сейсенбекқызы
Facebook-тегі парақшасынан
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу