Өзіңнен баста!
Қос қолдап қолдаймын.
Әркім өз баласына көшеде жүру мен табиғатта демалу тәртібін үйретсе жақсы болар еді.
Саябақтар мен көшеде балмұздақ, кәмпит немесе жеміс жеген балалар қолындағы қағазын немесе жемістің қалдығын апарып арнайы жәшікке тастап жатқанын көрсем, риза боп қалам.
Демек, баланың ата-анасы оның көзінше көліктің терезесінен қоқыс лақтырмайды, көшеде келе жатып түкірмейді, табиғатта демалса, соңынан жинап кетеді. Бала ата-анасынан көргенін істейді.
Қаламыздың көрікті, таза болуына әрқайсымыз үлес қоса аламыз.
Қарапайым ғана ереже – жүргені жерімізді ластамай жүрсек болғаны.
Айнур Сенбаева
Фейсбуктегі парақшасынан