Үйленгенде әкеңнен таяқ жеуді қоясың. Балалы болғанда балмұздақ жеуді қоясың. Балаң мектеп бітірерде жеңгелеріңмен қатты әзілдесуді қоясың. Балаң келін әкелгенде әйеліңмен ұрысуды қоясың. Немерелі болғанда алған затыңды басқа жерге қоясың. Немерең азамат болғанда зейнетақыңды өзіңе жұмсауды қоясың. Қоятын нәрсе көп қазақта!
Көнесің, өз-өзіңді тыясың. Мұның бәрі тәрбие, тәрбиемен ғана қазаққа сыясың.
facebook.com