Қазақы дәстүрмен астына ат, арқасына шапан жауып жіберсек те болар еді...

Жақында Ресейдің Қазақстандағы елшісі А.Н. Бородавкин «Независимая газета» басылымына арнайы сұхбат беріпті. Сол сұхбатты оқып "ерін бауырына алып" тулап жатқан қазақтарды аядым.
Оу, ағайын, бауырлар, өздерің шындықты қара түнек қоғамнан "шам алып" іздейсіңдер. Оны сырт көз шымбайыңа батырып айтса - ата жау көріп ашуланасың. Осы дұрыс па?
Президентің, үкіметің Ресейшіл болса, олардың тілі көктемегенде, қазақ тілі көктей ме?
Орыс елшісі азамат екен. Еш жамандық көрмесін! Қазақы дәстүрмен астына ат, арқасына шапан жауып жіберсек те болар еді...
Негізі дипломат адамды түсіну қиын ғой, бәлкім, ынжық, қорқақ, "диван батыр" қазақтардың намысын қамшылайын деді ме? Әйтеуір бір ойлағаны бары анық...
«Қазақстанда бәрі орысша сөйлейді. Тіпті көбі жаңылмай және грамматикалық қателерсіз қолданып жүр. Орыс тілінің ресми мәртебесі Қазақстан Конституциясында бекітілген. Бұған ешкім өзгеріс енгізгелі жатқан жоқ. Оның үстіне орыс тілін білу Қазақстанда артықшылық ретінде қарастырылады. Мысалы, орыс тілін білмейтіндерінің білікті жұмысқа тұруы қиын», – дегені қазаққа жаңалық па?
Орыс елшісін осындай өткірлігі үшін құрметтейік!
Егер "Қазақстанда қазақша сөйлемесең аштан өлесің. Мұндағы орыстардың жағдайын қиын" деп мұңын шақса" Әй, оңбаған-ай" деп "ат бауырына алып, тобылғы сапты қамшымен көкала қойдай сабасаң-сауап!
Егер мені қолдасаңыздар, халық болып дауыс жинап Президент Тоқаевқа көмекші қылайық бұл елшіні. Ел екенімізді солай көрсетейік! Себебі елдегі хал-ахуалды өте жақсы біліп тұр ғой!

facebook.com

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста