Қазақтың «жұмсақ күші» осы...

«Жұмсақ күш» деп Американың саясатын айтсаң болады. Олар көршіміз секілді бір елден ағылшын мектебін ашып, ағылшын тілін екінші мемлекеттік тіл қыламын деп әуре болмайды ешқашан. Ғылыммен айналысады, технологиясын дамытады, кино түсіреді, кітап жазады өз тілінде. Сонысымен-ақ бүкіл дүние жүзін жаулап алып жатыр қазір олар.

 

Кеше бір ақпаратты оқып қалдым. Дәурен Абаев бір жиналысқа қатысып, «Ютюбта 10 миллион қаралым жинаған қазақ мультфильмі бар ма өзі?» деп сұрапты жиындағылардан. Сөйтсе, мультипликациямен айналысатын сондағы отырған мамандар он емес, жиырма миллион қаралым жинаған екі-үш қазақ мультфильмін көрсетіпті оған. Өзіндегі бар нәрсені білмейтін, бағаламайтын осындай адамдар басқарып отыр бізді..

 

Енді бір қызық. Қырғыздың Жогорку кенешінің депутаты «Балапан» арнасын көретін қыздарының тілі қазақша шығып келе жатқанын айтып шағымданыпты. «Балапан» арнасы қазақша ғана хабар таратады ғой. Қыздары соны көріп алып, қазақша сөйлеп жүр екен. Қазақтың «жұмсақ күші» де осы - мультфильмі мен киносы, өнері мен өндірісі, қазақша сөйлейтін ғылымы, қазақ тілі...

 

 

 

Жолымбет Мәкіш

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста