Қазақтың мәдениеті мен өнері де көнеден келе жатқан зерлі шапан тәрізді...

Қазақтың мәдениеті мен өнері де көнеден келе жатқан зерлі шапан тәрізді...

MADE IN:NIET һәм НИЕТПЕН ЖАСАЛҒАН МӘДЕНИЕТ

 

Бұл тақырыптың түрлендіру немесе сөз ойнату тәсілі емес. Тыңнан түрен салған әйдік әлеуметтік теорияға да жатпайды. Жай ғана ой түрткі. Өйткені өмірдің өзі –мәдениет. Өмір сүргенің, ойнап күлгенің, елге тараған сөзің мен жерге қараған көзің, бәрі де
түп-түгел түйсіктің біз білмейтін түкпірінде жинақталатын мәдениеттілік энергиясынан
тамызық алады.
Аспандағы айдың сұлбасы жердегі құдықтың түбіндегі судан да көрінетіні тәрізді адам баласы арғы дүниеде жәннатқа жайғасу үшін иманның байлығын,
бұл дүниеде кісілік келбетін сомдау үшін мәдениеттілік энергиясын бойына сіңіреді.
Ізгілікті іздейтін осы екі қасиет те түптеп келгенде ниетке келіп түйіседі. Сондықтан шариғатта «ниет – парыздың алдындағы парыз» деген қағида бар. Яғни не жасасаң да ықыласпен, ынтамен, ыждағатпен жасаған дүниеңнің ұлағатты қайыры, ұлы мәдениеті қалыптасары хақ.
Ал енді осы рухани өлшемді өзімізше ниет+мәдениет формуласына салып, есептеп көрейікші. Өйткені мәдениет қиялдың қиянынан бұлдырап көрінетін абстракция емес, ол өмірдің өзінен орнықты орнын табатын нақты іс, яки форма. Ал, ниет арқылы жасалатын мәдениеттің нәтижелі шешімі иманның байлығымен өлшенетінін ұмытпауымыз керек. Дәлірек айтсақ, ниет+мәдениет=иман. Дін исламда мәдениеттіліктің бір синонимі садақа. Ол былайша тәпсірленеді. «Әрбір жақсылық – садақа.» (Тирмизи), «Жақсы сөз – садақа.» (И. Ахмед), «Жылы жүзбен сәлем беру – садақа.» (Байһақи). «Біреуге жақсы нәрселерді үйрету, жамандықтан тыю, сұрағанға жол көрсету, көшедегі зиянды нәрселерді тазалау садақа болады.» (Тирмизи).
Енді осыны, ұлттық мәдениет ұғымына салып көрсек. Мәселен, сіз ғасырдан ғасырға арқауын үзбей келе жатқан ұлтымыздың салт-дәстүрін бойыңызға сіңіріп, қорғап, қолдап, ұлықтап, күнделікті өмірде қолдана білсеңіз, ол-Мәдениет! Сіз ана тілімізде сөйлеп, ана тілімізде жазып, қазақ тілінің қанат жаюына қызмет етсеңіз, ол-Мәдениет! Сіз ұрпақ тәлім алатын, халықтың ұлттық санасын оята алатын фильм түсіре алсаңыз, ол-Мәдениет! Сіз ұлттық ерекшелігіңізді дүние жүзіне таныта алатын бірегей музыка, құнды көркем шығарма жаза алсаңыз, ол- Мәдениет! Сіз әлемдік сахнада ұлы Абайдың «Айттым сәлем Қаламқасын» асқан шеберлікпен орындап, қазақ өнеріне қол соқтыра алсаңыз, ол-Мәдениет.
«Сырлы аяқтың сыры кетсе де сыны кетпес» деген сөз бар. Талай уақыт сандықтың түбінде жатқан зерлі шапанды сыртқа шығарып, қағып-сілкіп, бір уақ далаға жайып алсаңыз, көнетоз деген киіміңіз қарға аунаған түлкідей қайта жайнап шығатыны анық. Қазақтың мәдениеті мен өнері де көнеден келе жатқан зерлі шапан тәрізді. Күтіп ұстасаң жарқырап, жайнай түседі, ұлттық келбетіңді аша түседі . Түптеп келгенде, жүректің түбінде, сананың шалғай сарайында жатқан салт-дәстүр қазынасын, қазіргі тілмен айтқанда рухани кодты қайта жаңғырту, мәдениетімізді мәуелі, өнерімізді сәулелі ету еліміздегі мәдениет және өнер қызметкерлерінің ғана емес, елдікті ойлайтын бәріміздің ортақ міндетіміз. Дәйім, ниетіміз мәдениетімізге қызмет еткей!
Орайы келгенде, уақытпен санаспай ұлт мәдениетіне қызмет етіп жүрген барша әріптестерімізді бүгінгі Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтап, жемісті, жеңісті, жетістікті еңбек тілейміз.

Куат Бораш
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста