Қазақ тарихында қазақты сатқандар жауапсыз кеткен. Әлі де жауапсыз елде жүр

 Менің ойымша біздің жазушылар мен тарихшылар "Шыңғыс хан қазақ" дегеннен көрі "Алаш орданы" ұстап берген қазақтар кім? 1938 жылдардағы қырғында қазақ зиялыларына доносты қай қазақтар жасады деген сұрақтарға жауап іздеуі керек. Негізгі қойылатын сұрақ осы болуы қажет.

Бұның қандай пайдасы бар? Пайдасы мынада. Бізде де қазір донос жасайтын, бірін-бірі сатқан, ұстап беретін қазақтар көп. Неге көп? Себебі қазақ тарихында қазақты сатқандар жауапсыз кеткен. Әлі де жауапсыз елде жүр. Демек кейінгі ұрпақта да сол секілді жауапсыз кетемін деген түйсік бар. Ал, егер XX ғасырда Мағжанды кім ұстап берді? Сәкенге донос жазған кім деген сұрақтарды қойып, тарихи факт ретінде сол кездердегі тұлғаларды аша бастасақ бүгінгі елдегі замандастарымызға сәл де болсын ой салады. "Ертең ұлтымның тарихында мені де әшкерелеп, келешек ұрпағым атымнан ұялатын деңгейге түспейін" деп ойлана бастайды.

Логикалық тұрғыда қараңыз. 1986 жылы арнайы органдарға жұмыс істегендердің бүгін шалқып жүргендерін көрген замандасымыз не ойлайды? "Мен де осылай жазасыз кетемін" деп есептейді. Осыдан қазақтың бірін-бірі сатуы тоқтамайды. Сананы модернизациялау осыдан бастау алуы тиіс. Сіздің ойыңызша бүгінгі күні қазақтың беткеұстарларын кімдер сатып жүр?.. Арамызда жүр ғой олар...

Қазақтың салтында тегіне, абыройға, жеті-атасына, артында қалар ізіне ерекше мән беретін құндылық бар. Отарлау кезінде, түрлі тарихи себептермен құлдыраған құндылықтарымызды қайтара алсақ бұл міндетті түрде тұтас елдің санасына әсер етеді. Ертеңін, абыройын ойлай бастайды. Ұлттың санасы трансформацияға түсіп, тарих қалай, және кімдермен жазылатынын білгенде, практикада көргенде соған қарай ұмтыла бастайды.

Соңғы 200 жыл қазақтың көргені не? Патшалы Ресей мен империяның бөліп ал да билей бер саясаты. Өз қазағына донос жасау, ұстап беру, арыз жазу әрі сол үшін қызметтен өсіп көтерілу. Мұны тым ұзақ көрген ұлт тура солай жалғастыра бергісі келеді. Бұл психологияны сындыру қажет!

 

facebook.com парақшасынан 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста