Қыз болып қылымсуды білмейтін ұрғашыдан жақсы қатын шығады! Бар еркекке қылығымен жаққан қыздан сойқан қатын шығады! Бірақ, қылықсыз қыздар қызықсыз көрініп, жол шетінде көп қалады. Мұны ұғар еркек аз... Ал қылықты қыздың қызығы тез кетеді. Өйткені оның энергиясының басым бөлігі "қылық" жасауға кетіп, шынайы сезім мен адал қарым-қатынасқа "шаршап" жетеді. Қазақ "қыз қылығымен" деп айтқанда оның еркекті тартар сүйкімділігін айтса керек. Бірақ, осыны айтқан қазақ "түрі жаман демеңіз, тегіне тартар ұл туар, жатыры асыл қатын ал!" деген!
Сәбит ШІЛДЕБАЙ
Facebook-тегі парақшасынан