Қазақ болмысының қазығы - ізеттілік қой!

Бір жапырақ шыбын жанымызды –байлық пен атаққа байлап беріп,қолында билігі мен ақшасы бар адамды қасиет пен қадірліге бағалаған,рухымыз-аш,ойымыз-таяз,жанымыз-жүдеу,көкірек көзіміз-соқыр болған заманның бір белесінде тұрғанымыз өтірік емес. Салты мен дәстүрі,әдеті мен ғұрпы,саналы сөзі – бүкіл бір ұлтты ұйыстырып,үлгі болуға жарап тұрған халқымыздың түп болмысына көп үңіле бермейміз.
Қазақ болмысының қазығы - ізеттілік қой! Бабамнан қалған мұра ізеттілік,арымды соған қойғам күзеттіріп,- демей ма Мұқағали ағам! Біз- сол ізеттілік жолында күзетші болған халықпыз.
Айтайын дегенім, ертеректе ауылдан көшіп кеткен ағайын кісінің келіні Гүлсара деген жеңгеміз бар еді. Сол кісі ауылға тойға келіпті, көрмегелі біраз жыл болған.Елден кеткелі 30 жылдан аса уақыт болған. Ауылдағы үлкен шаңырақ қой,сәлем берейін деп үйге келіпті Жасы 70- тен асқан әлгі жеңгеміз есіктен кіре бере үш рет иіліп сәлем берді Қалжыңдап: бақытты бол, айналайын, көп жаса, ұл тап!- дедім. Ағамыз о дүниелік боп,шаңырағына шамшырақ боп отырған жеңгеміздің қадірін бұрыннан білсек те,мына сәлемі ерекше әсер етті.Ағамыз өмірден өткен соң, үлкендер жесір әйел сәлем салмайды ,ендігі жерде басың иілмесін,жүзің төмен түспесін деп ,сәлем салғызбайтын. Оңашада үш рет иілген сәлемнің сырын сұрадым.
Бірінші сәлемім - ұлын ұяға, қызын қияға ұшырған, талай қуанышыма куә болған құтты шаңыраққа деген сәлемім. Екінші сәлемім- қазаның жолы жіңішке, әруақтың орны биікте, қашаннан ата- баба аруағын ардақтаған елміз ғой, тәні жерде болғанмен, рухы көкті кезіп, әруағы жерүсті тіршілігін, орман-тоғайын, ата-жұртын, отбасын қорғап- қоршап жүрген ата мен апаға деген сәлемім. Үшінші сәлемі-жасың кіші болса да-елге сыйлы азаматсың,алыстан келіп жатсың деп, маған салған сәлемі екен. Жарасымды сыйластықтың жібін үзбей, қазақылықтың қаймағын бұзбай сақтап жүрген жеңгеме риза болдым
Кейде жабырқаған көңіліңді селт еткізіп,жаныңа жылу сыйлайтын сәттер болады...Сол кезде әлі де өткеннің қымбат қазынасының шоғын үрлеп сөндірмей отырған асылдардың бар екеніне көз жеткізесің...Қарағым, ата -бабаң момын халық.
Өтіпті бір- бірінің жолын бағып.
Қасиетін бабаңның орындап жүр,
Одан ешкім кетпейді тоныңды алып,-деп Мұқағали ақын айтқандай,дәстүрді қадірлеу арқылы ,өткеннің асылын-болашақтың озығына жету жолында алтын көпір етсек қой шіркін...

facebook.com парақшасынан 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста