Жақында бір ағамыздың ұлы перзентханада босанған келіншегінің қасында болыпты дегенді естіп, қатты таң қалып едім. Қатынының айра-жайра болып жатқан сәтін көрудің несі қызық екенін түсіне алмағам. Сөйтсем, ұлын "күтіп алған" екен ғой...
Келіншегі толғата бастаған сәтте атқа мініп, дала кезіп кететін аталарымызды айтпағанда, екі-үш күнге дейін перзентханаға "жете алмай" жүретін біздің қатарымыздың "ісі" ерлік екен, иә?
Жаңа туған нәресте түгілі, жаңа туған төлді де көздің сұғынан қорғаштап жүретін қайран шешелеріміз-ай. Бала күнімізде ақ ботаны қырық күнге дейін көре алмап едік. Иесі күні-түні күзетіп, бізді жолатпаған. Ал қазір...(((
Бауыржан Бабажанулы
Фейсбуктегі парақшасынан