Қатаң тәртіп мәдениетті қоғам қалыптастырды...

Қоғамдық орында анайы сөз айтқанға айыппұл салуды көп адам таңсық көріп жатыр.
Қоғамды тәрбиелеудің бірден бір жолы - қатаң заң мен тәртіп. Бұл - өркениетті елдердің тәжірибесі. Батыс елдері қазіргі халқы үнемі күліп жүретін, жол беретін, амандасып, кешірім сұрай салатын қоғамды қалай құрды?
Дәл осылай, ауыр айыппұлдар салды. Жазалады. Соңында жұрт тәртіп бұзу, қылмыс жасау тиімсіз екенін түсінді. Түсінді де түзелді.
Мысалы, Британияда көбіне ішіп алғандар көшеде, пабтың маңында айқайласып тұра береді. Қол жұмсамайды. Себебі бірінші қол жұмсаған жазаланатынын біледі.
Немесе сирек те болса төбелескен екі адам көбіне келген полицияға өзі барады. Себебі оны ертең учетқа қойса, жұмыстан шығаруы мүмкін. Содан үнемі қара тізімде тұрады. Ал енді адал есімін "жуып-шаю" үшін қоғамдық жұмысты тегін істеп, волонтер болып, түрлі адамдардан оң мінездеме алып келуі қажет болады. Осынша әуре-сарсаңға түскен соң соңында жан баласына тиіспейтін, ала көзбен қарамайтын болады. Ал бірақ салық төлеуің керек. Ол үшін жұмыс, жалақы керек. Қара тізімдегі адамды кім жұмысқа алады?
Осындай қатаң тәртіптер жүйесі мәдениетті қоғам қалыптастырды. Әрине, 100 пайыз емес, бірақ салыстырмалы түрде. Бұл процеске ғасырлар кеткен шығар.
2008 жылы елімізде алғаш рет қауіпсіздік белбеуін тақпағаны үшін 5 мрп айыппұл салуды бастаған. Басында көп адам ашуланғаны есімде. Бірақ арадағы 12 жылда сол белбеу талай адамның өмірін сақтап та қалған болар...
"Сергек" пен оның айыппұлдары да біраз шопырды тәрбиеледі. Бәлкім біраз жол апатының алдын алған да шығар.
Сол сияқты бұл айыппұл да талай адамның өмірін сақтап қалар. Себебі көшеде, кафе, барда пышақтау, шабуыл жасау сияқты қылмыстар көбіне сөзге келіп, ерегісіп, анайы сөз айтқанның салдары.
Сондықтан енді біреу көшеде сені "біртүрлі сөздермен сипаттап, белгілі үш әріпті бағытта жол көрсетіп жібергенін" қаламасаң, онда сен де тіліңді тыясың. Сөйтіп, ақырын, ақырын мәдениетті қоғам бізде де қалыптасар...


p.s. өткенде мына кітапты парақтап шыққан едім. Әлемде қылмыстың азаю себептерін зерттеп, көрсеткен жақсы деректер бар екен. Оқып шығуға болады.

 

Nurmukhamed Baigarayev

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста