Өткен айда жатақхананың біз тұратын қабаты түгелдей жөндеуге жабылды да, біз басқа жатақханаға көштік. Сондай қарбалас күндердің бірінде көрші қалмақ құрбымның бөлмесіне барғам. Бір байқағаным: қалмақтар – қонақжай халық. Қалмақ қыз көшу қамымен заттарын жинастырып жатты. «Мына монғол қыздың сыйы, келешекте Монғолияға барғым келеді» деп бір сувенирді көрсетті. Шіркеуге кетіп бара жатқан армян көршісі: «Арменияға да қонаққа келесің ғой» деп еді, «Әрине, барам» деді. Мен сыпайылық ретінде «Қазақстанға да кел, біздің жаңа астанамызды көр» дедім. Қалмақ қыз ойланып: «Ая, Қазақстанға бару үшін маған психологиялық тұрғыдан біраз дайындалу керек» деді. Ата-бабасының жеңілісі үшін келер ұрпақ кінәлі емес. Бірақ психологиялық соққының ұрпақтан ұрпаққа тұқым қуалағандай берілетінін ұмытпау керек...
Аягүл Мантай
Facebook-тегі парақшасынан