Қайтпас, қайсар Садық төреге де Шымкентте бір ескерткіш керек-ақ

Шымкент Қаласы әкімі Е.Айтаханов Әл-Фараби мен Абайға ескерткіш орнату керек депті.
Тамаша бастама...
Сонымен қатар Шымкентте тағы бір ескерткіш керек.

Кенесары хан қаза тапқан соң оның ұрпақтары екіге жарылған! Өмір бойғы жорық-соғыстардан шаршаған ұлдары Ресейге берілді. Кенесарыдан соң хан тағының мұрагері деп жарияланған Жапардың тағдыры ауыр болды. Ол туралы деректер қым-қиғаш. Бір деректерде жастай қайтыс болды десе, екінші бір деректерде, Ресейліктер түрлі дәрі егіп, есалаң етіп тастаған деседі. Тайшық Жүлек түбіндегі соғыста қаза тапты. Бір ұлы Ахмет Кенесарин Шымкент уезд бастығының көмекшілігіне дейін өсті.

«Орыс үкіметі елге аман барып оған кіші жүз бен орта жүздің жақсылары әңгіме қылып болған соң, бастығы Сыздық болып барлық төрелер елі мен орысқа бармақты мақұл көреді. Ел жиналып жүруге даярланғанда Сыздық мынадай пікір қозғайды: «Ел жұрт болған жерің түгел барыңдар. Мен әлде болса мұсылманның қылышын шауып көрейін, сендер түгел барсаңдар бір мені жоқтай қоймас. Мұсылманға Құдай абырой беріп орысты қайтара қалса мен сендерді аман алып қалуға жарармын. Егер, абыройды орыс алса жалғыз менімен ел кемімес те артпас та. Дұшпанның сыртында болғанша ішінде бол деген, сендер барыңдар деп, өзі Қоқан қолымен қосылып орысқа қарсы шықпақ болған. Сыздықтың мұсылман жәрдеміне бармақ болып, елді жинап қоштасып Қоқанға жүруге ордада отырып алдына бір шара қымыз алып кесеге құйып, кім менімен бірге баратын болса, қолымнан келіп қымыз ішсін де, далаға шығып ат ерттесін деген. Сонда, жігерлі батыр жігіттерден қырық жігіт келіп, қолынан қымыз ішіп, баратын болған. Ақырында бізде сіз өлген жерде өлеміз деп екі қатыны да келіп қымыз ішіп бұларда жүрмек болған». Сөйтіп Сыздық қырық жігітімен Түркістандағы Қоқан әскеріне барып қосылған» (Жазған Әзмұхан Ахметұлы Кенесарин Орталық ғылыми кітапхананың қолжазбалар қоры. 1338 папка. 1-2 беттер.)
Осылайша, Садық "Ата жаумен соғысты тоқтатпаймын!" - деп бірнеше жыл тағы жорықта жүрді.

Бірақ бұл көшпенділер дәуірі аяқталған кез еді. Немере бауыры Шоқан Әлімбай саудагердің атын жамылып Қашғарға барғанда, Жақыпбек билеуші Садыққа өзінің жесір келінін қосып "Бас ләшкербашы" лауазымына ұсынды.
Бірақ, Садық қызметіне енді кіріскелі жатқанында Қашғарға Қытай әскерлері басып кірді. Сол шайқаста ауыр жарақат алған Садық Бұқарға қайтуға мәжбүр болды.
Ендігі қарсылықтың мәні жоқ екенін түсінген Садық Бұқарда жатып Шымкенттегі бауыры Ахмет арқылы Түркстан генерал - губернаторлығының басшылығымен келісімге келді. Осылайша өзінің қалған өмірін орыс билігі қол астында Шымкент маңында өткізді.
Ал Кенесарының Ресейге қызмет еткен ұрпақтарының көпшілігі қазақ дәстүрінен алыстап қалды. Кейбірі орыс, еврей қыздарына үйленді.
Олардан туған ұрпаққа қалай кінә артуға болады?
Өз ұрпағының тағдыры қандай болатынын кім болжай алады?

Қайтпас, қайсар Садық төреге де Шымкентте бір ескерткіш керек-ақ.

Өмір Шыныбекұлы
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста