"Қайран атам, қор болдың-ау" деп кіжініп отырғаның

АТАМНЫҢ АТЫ-АЙ!

Арғы атам Әлмен ұста, бүгінде атын фамилия қылып жүрген кісі. Ауылсовет хатшысы "ь" белгісін артық көрді ме, куәлігіме орысша "Алменов" деп жазып беріпті. Ол уақытта бір таңба онша қиындық тудырмайтын. Қалай жазсаң да (Алменов н\е Альменов) құжатымыз жүре беретін. Кейін ел егемен болған тұста "ов" дегеннен бас тарттық қой. Жаңа паспортымды "Әлмен" деп жаздырттым. Патриотпын ғой! Тегім қазақша болғанмен атымды қате жазып жіберіпті. "Ұ" орнына "Ү". Өзгертіп отыратын уақыт жоқ, оқуға кету керек. Содан НҮрболат Әлмен Торғайдан хижра жасап, Көкшеге келді білім іздеп. "Орманы" қалың ел екен. Құжатымды оқу оларға қиын болды. Түсіндіруге тіл шолақ. Қай мекемеге барсам да алдымен қағаздан бастайды. " Э- э-л...как фамилия?" Бір күрсініп ап, орысшаға ыңғайлап айтасың. "Так и написали бы, при чем тут оборотный "Э"?" деп өзіме ұрсады. "Қайран атам, қор болдың-ау" деп кіжініп отырғаның.
Екінші курста военкомат шақырды. Бардық тобымызбен. Бір-бірден шақырып жатты. Тізім әліпбидегі әріп реті бойынша жасалатындықтан мені соңғы шақыратынына сенімдімін. "Э"-ден басталады ғой тегім!
Бәрі болды, енді мен кіремін деп отырғанда ар жақтан шыққан офицер: "Эпмен! Есть такой?" деді. Менен басқа тірі жан жоқ дәлізде. Офицер әлгі фамилияны тағы қайталағанда өзім екенін сездім. Енді "не первый раз" ғой, "привык". Қазақ екен, "п" -ны "л"-ға өзгерттірдім. "В следующий раз пишите печатными буквами" деп қояды.
"СИК" деген қағаз болатын. Ол болмаса зейнетақы жарнасы аударылмайды екен. СИК беретін жерге барып, әлгі қағазды алсам "Алмен" деп жазыпты. "Құжат "Әлмен", мынауың "Алмен", қабылдамайды ғой бұлай" десем, "у нас нет казахской программы" деп қарап тұр. Ал, не дейсің енді? Бүйткен СИК-ке си..... деп кетіп отырдым. Сөйтіп жүйемен жағаласып жүргенде 25-ке кеп қаппын. Құжат ауыстыратын мезгіл жетті. ЦОН-ға бардым да туу туралы куәлігімдегідей "Алменов Нурболат Кадырович" деп жазғызып алдым. Содан көзім ашылды ғой. Енді латынша дейді...білмей отырмын не боларын.

Нұрболат Әлменов
Фейсбуктегі парақшасынан

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста