Өзім де еріп үретін итке ұқсай жаздадым ғой

Өзім де еріп үретін итке ұқсай жаздадым ғой

Сәл болмағанда кешелі бері хит тема болып жатқан Тоқаевтың “қазақ тілін білмегендерге қысым көрсетілмесін” деген сөзі жайлы аттандаған айқайға қосылып, “мынау не сөз, масқара, әй, біз ел болмаймыз” деп, күңіреніп, пост жазғалы жатыр ем. Кеше кешке жазып тастайтын болғам, бірақ таңертеңнен тыным таппағасын, шаршап, бірдеңе жазуға мұрша болмады. Бүгін қолым қалт еткенде, жазып бастап жатқам. Сосын Президент Ассамблеяның сессиясында не деген екен, қай жерінде айтыпты, алдымен қарап шығайыншы дедім.

 

     Ағайындар-ау, сөзді жалпы контекстен үзіп-жұлып жариялағанды қоятын кез жеткен жоқ па? Сол сөзді түгел тыңдаған, не оқыған адам кемде-кем-ау, шамамда) Өзім де “бір ит көріп үреді, бір ит еріп үреді” дегендегі еріп үретін итке ұқсай жаздадым ғой. Мемлекеттік тілді барлық ұлт үйреніңдер депті ғой. Одан басқа көп жақсы сөздер айтылған, мемлекеттік тіл туралы. Қазақ тіліне сұранысты арттырайық депті. Бір абзацта ғана қазақша оқымағандарға үйренуге мүмкіндік берейік, қысым көрмесін депті. Негізі қысым көріп жатқаны да шамалы ғой, олардың.

 

    “Көпмәдениетті ортаны дамытып, барлық азаматтың мемлекеттік тілді меңгеруі үшін жүйелі қадамдар жасау қажет. Қазақстандағы әрбір этностың өз дәстүрін, мәдениеті мен тілін дамытуға мүмкіндігі болды және бола береді. Бұл, шын мәнінде, жалпыұлттық бірегейлігіміздің негізі”- деген. Қай жері дұрыс емес, бұл сөздің? Өзіміздің басқа елдерде тұратын қандастар да ұлттық құндылықтарды ұмытпай, әдебиетімізге, өнерімізге сүбелі үлес қосып жүр емес пе? Қытайда қанша таланттарымыз жүр. Монғолияда, Баян-Өлгей, Алтайда қанша дарындарымыз қазақ мәдениетінің саф тазалығын сақтап, ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп келеді. Сол бауырларымыз ана тілі мен ұлттық дәстүрлерін сақтау тұрғысынан қысым көрсе, бізге қалай тиер еді?

 

    Ал қысым мәселесіне келсек,  басқа ұлттардан бұрын, өз мәңгүрттерімізді не істейміз? Үйренуге (өз тілін) талпынбайтындар, үйренуге уақыты жоқтар, оны ашық айтатындар (шахматист қызымыз сияқты) көп қой..Өз қолымызды өзіміз шабамыз ба? “Қазақша сөйле” деп, агрессиямен қырқыса бермей, әр сөзден ілік іздей бермей, мәдениетті талап етейік, ұялтайық, намыстарын оятайық.

 

    “Жалпы, мемлекеттік тіл төңірегінде оң көзқарас ұстану қажет. Тіл мәселесіне қатысты барлық пікірталас этникалық емес, азаматтық және саяси сипатқа ие екенін түсіну маңызды. Бұл мәселеде кез келген жөнсіз әрекеттің салдары ауыр, тіпті қайғылы болуы мүмкін” - депті мемлекет басшысы. Қай жері дұрыс емес? Біліп отырайық.

 

 

 

Lyazzat Akhatova

Фейсбуктегі парақшасынан

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста