Өзгеге прокурор, өзімізге адвокатпыз

Кешіре алмаймыз біреудің кемшілігін, өзіміз судан таза, сүттен ақ секілді...
Шық жуытпаймыз өзімізге, ал өзгенің басына былапытты аямай төге саламыз. Еш ойланбастан. Еш қымсынбастан.
Тура соның ішіне кіріп-шыққандай "ей ол мынадай оймен істеген" деп өзгенің ойы мен ниетіне дейін өзіміз жасап аламыз.
Шетімізден "сотпыз" әйтеуір, біреудің сыртынан үкім шығарып, жазаға кесіп жібере саламыз. Ал нағыз төреші, әділ сот Алла Тағала ғана ғой, өзі жаратқан әр пендені кешіру не жазалау соның ғана құзырында...
Егер керісінше барлық нәрсенің себебін өзімізден іздеп, өзгені кінәлаудан, сөге жамандаудан, ішімізге толып қалған у запыранды төге салудан аулақ болсақ, мына қоғам әлдеқашан оңалып кетер еді-ау... Әй қайдам бірақ, бізге біреумен кездесе қалсақ шүйіркелесіп, ол сырт айнала бергенде жамандау ұнайды ғой. Біз содан энергия аламыз.
Күншілміз. Ішімізден қыл айналмайды. Біреудің өзімізден асып кеткенін көре алмаймыз. Байып кетсе, "ей сол жақсы жолмен байып жатыр дейсің бе?"дейміз, кедей болса, "осы да бір өмір бойы жарымайды екен" деп оны да жақтырмаймыз. Айтып тұрмын ғой, өзгеге прокурор, өзімізге адвокатпыз. Бірақ кімнің кім екенін білуші, нағыз төрелігін жасаушы Алла екенін ұмытып кетпейік. Өзімізге Құдайдың міндетін жүктеп алмайық...

facebook.com

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста