Өзара сыйластығы жоқ әулетке бақ-береке дарымайды...

Өзара сыйластығы жоқ әулетке бақ-береке дарымайды...

ӨЗІМШІЛДІК

Келін түскен үйде бәрі бұрынғыша болмайды. Ата-ене, үйленген жігіт, сол үйдегі басқа да жандар, тіпті келіннің өзіне де бұған дейін қалыптасқан өмір сүру салтына коррекция жасауына тура келеді. Анығырақ айтқанда сол үйдің әр мүшесі өзімшіл пиғыл-әрекетіне тұсау салып, өзгелер үшін тиімсіз болар-ау деген әдеттерден арылуға өзін көндіруі қажет. Ене әдеттегі лидерлік ұстанымын тежейді. Ата бұрынғыдан да салиқалы, сабырлы, тәртіпті бола түседі (шұлығын көрінген жерге лақтырмай). Үйленген жігіт отбасы алдындағы жауапкершілігін еселеп арттырып, ата-анасы мен жұбайына деген тең сүйіспеншілікті қалыптастырады. "Емшек берген ары жат..." дейтін тексіздікке бармайды. Жаңа түскен келін қыз күніндегі ерке-шолжаң мінезімен қош айтысады. Қысқасы, бәрі түгел бір-бірінің ыңғайына бейімделіп, бұрынғыдан әлдеқайда ақылды әрекетке көшеді. Жай, сырт көз үшін емес, шын ниетімен.
Әдетте келін түскен үй иелерінің өзгеру туралы ой қаперлеріне де кіріп-шықпайтыны белгілі. Келіннің сол ортаға бейімделуі, айтқанына көніп, айдауына жүруі міндет деген басқыншы пиғылдың жетегінде болады. Қазақы менталитет осындай.
Алайда үйленген сіз емес, ұлыңыз. Ол төбесінен құс ұшырмай, үлпілдетіп өсірген біреудің жәудіркөз қызына ғашық болды. Ұлыңыздың сүйіктісі келін болып, бөтен жандарға қызмет етем деп емес, жаңа ортадан бақытын тауып, бәрі бұрынғыдан да тамаша болады деп келді. Ал сіз келіннің алдыңызда құрдай жорғалап, иіліп жастық, жайылып төсек болғанын талап етесіз. Өзіңізді бір сәт жаңа түскен келіннің орнына қойып көріңізші. Өзіңізді-өзіңіз аяқ астынан орнаған «азапқа» байлап берердей ерлікке бара алар ма едіңіз? Әркімнің бақыт жайлы армандауға хақы бар! Оның ата-анасы да қыздарының бақытты болғанын тілейді. Бұл – табиғи құбылыс. Қандай ата-ана алақанда аялаған бір тал қызының (тіпті ол бір тал болмасын мейлі) барған жерінен қысымшылық көргенін қалайды?
Бөтеннің ырқына бейімделуді ойламаған екі жақ (келін мен оның келген жері) әрі-беріден кейін әрқайсысы өз қалауларын талап ете бастайды. Міне осы тұста алдымен ішкі конфликт қылаң беріп, кейіннен көпе-көрнеу жанжалға ұласады.
Мәселен екі жақ бірдей өзгеруге тырыспай, бір жақ қана өзгеруге талпынып, өзінің амбициясын құрбандыққа шалды делік. Мысалы осы күні жиі айтылып жүргендей, ене «келінге келін болып жаққысы» келді дейік. Немесе жақсы келін болуға тырысқан қыз қайын жұртының қандай қиыншылығына болса да көнді делік. Бұлай ету оңай емес әрине. Екінің-бірінің қолынан келе де бермейді. Бұл психологиялық өте ауыр жағдай. Біржақты психологиялық салмақтың ауыртпашылығы біраз уақытқа дейін жағдайды ушықтырмай сақтауы мүмкін. Алайда ол ұзаққа бармайды. Шыдам деген ширатылған шылбыр емес. Төзім таусылған күні ара қатынас ахуалы бомба секілді жарылады. Бұл жерде ең бірінші болып сорлайтын – үйленген жігіт. Осы екі арада сәби дүниеге келіп үлгерсе, оның тартатын қиянаты жайлы айтудың өзі ауыр.
Осы күні жұрт келін мен оның келген жері арасындағы шығыспаушылықты болдырмаудың бірден-бір жолы олардың бір-бірінен бөлек өмір сүруі деп есептейді. Келіннің ата-анасы ауқатты болса, қыздарына бөлек үй сатып әпереді. Жігіттің ата-анасы ұлдың бөлек кетуін қаламайды. Сөйтіп құдалар арасында жік туады. Ақыры жігіт не сүйіп қосылған жарынан ажырап тынады, не күшік күйеуге айналуға мәжбүр болады. Бірақ бұл да далбаса. Өз амбициясына тұсау сала алмаса, келін мен оның келген жеріндегілер бөлек тұрса да шығыса алмайды. Нәтижесінде рухани бірлігі, өзара сыйластығы жоқ әулетке бақ-береке дарымайды. Ондай әулетте туып-өскен ұрпақтың да толыққанды адам болып жетілуі екіталай. Туған ата-әжесінің әуезді әлдиі мен көл-көсір мейіріміне қанып өспеген бала уызына жарымаған жетім секілді. Өрісі тарылатыны өз алдына, рухани кемтарлыққа ұшырайды. Бұл кемтарлық ұрпақтан ұрпаққа тарайды. Иә, келін балаларын өз ата-анасына жақын етіп тәрбиелеуі мүмкін. Таяз ойлайтын жанға бұл мәселені шешудің бірегей амалы болып көрінері анық. Бірақ тамырда тулаған қанмен, тінде түзілген текпен жететін (өз ата-әжесінен жететін) рухани қазынаны алмастыру табиғатқа қарсы тұрғанмен тең.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: ӨЗІМШІЛДІК – кесапатты кесел. Оның келін үшін де, келіннің келген жеріндегілер үшін де зардабы шексіз.

 

Гүлмәрия Барманбекова
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста