Өз тілін қалай үйреніп, қалай ұмытпай жүрген?

Өз тілін қалай үйреніп, қалай ұмытпай жүрген?

Жастау кезімізде үш жігіт болып ішіп отырғанбыз. (Айран емес әрине)
Қасымдағы екеудің біреуі өзбек, екіншісі кәріс еді. Біраз қызған соң өзбек кәрісті мұқатқысы келді ме, -давай тост айтайық, әркім өз тілінде таза, орысша сөз қоспай айтсын, -деді.
Мынау бәрімізге қызық болды.
-Бастайық, - дедім. Қанша ойланып таза сөйлесем де, ең соңында, - давай сол үшін алып қояйық, деп картопты жардым ғой)
Аналар күлкіден өлді. Екінші өзбек сөйледі. Өзбекше түсінем деп жүрсем де мынаның сөйлегеніне таң қалып, аузым ашылып қалды.
Қанша тырысса да қазақтың ішінде жүрген өзбек қой, бір қазақша, бір орысша қосып ол да сүрінді))
Кезек кәріске келді. Мүдірместен өз тілінде әдемі сөйлеп кетті. Қанша жыл бірге жүрсек те оның кәрісше сөйлегенін көріппіз бе, таңданып отырып тыңдадық. Орысша қоспай бітірді. Ұтылғанның сөзі құрысын дегендей, біз мазақтап күлдік, -Құдай білсін, біз түсінбейміз, шын тост айттың ба, әлде өлең оқыдың ба, я бізді боқтадың ба, - деп тиістік))
Ана байғұс шыр-пыр болып, әр айтқан сөзін бізге аударып әлек))
Сонда деймін-ау, өзі орыс класын оқып, қазақтармен жүріп, өз тілін қалай үйреніп, қалай ұмытпай жүрген?
Қазақ мектебін бітіріп, қазақтармен араласып, қазақшаны біраз адамнан жақсы білем деп жүрген біз, күнделікті қолданысқа орыстың давай, еще, да ну, остановка, магазин сияқты талай сөздерін қоя алмай келеміз.
Ал сіз орыстың қай сөзін көп пайдаланасыз?

facebook.com парақшасынан 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста