Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам

Кейде осы сөздің байыбына бара алмай жатамыз. Бірақ расында солай.
Кісінің сеніміне селкеу түсіру, одан қалса алдау жақсылыққа апармайды. Ал көпшілікті алдау тіптен жаман нәрсе.
Ақпарат ағыны халықтың көзін ашатын да, адастыратын да үлкен құрал.
Уысында ақпаратты ұстап отырғандардың мерейі қашан да «үстем» болғанын тарихтан білеміз. Дұрыс-ақ шығар.
Бірақ жалған ақпарат таратып, болсын-болмасын елді дүрліктіріп жүргендерге жүген салу мүмкін болмай отыр.
Желіде таралған жалған ақпараттан көз сүрінеді.
Бұған әлбетте азаматтар да, билік пен құзырлы органдар да кінәлі.
Осындай толассыз ақпарат легінің ағынына ілесіп, халыққа дұрыс хабар жеткізу – әр құзырлы органның тікелей міндеті.
Кез келген жалған ақпарат мүдделілердің қаруына айналып, халықты бұрыс жолға түсіруі мүмкін.
Сол себепті құзырлы органдар сақ жүруі абзал. Соңғы күндері желіде таралып жатқан ақпараттардың барлығы да осы жауапты органдардың осалдығынан деуге әбден негіз бар.
Мұндай ақпараттардың арты ұлттық алауыздыққа, ал зорғысы тіпті мемлекетімізге қауіп төндіруі мүмкін. Сол қадағалау өте қатаң болға тиіс.
Бүгін Бас прокуратура үндеу жасады. Көрінеу жалған ақпарат тарату, нақты азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіру Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174, 194 және 274-баптары бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салды.
Жалпы шындыққа жанаспайтын мәліметтерді таратуды көбіне блогерлер жеке пайда табу және бопсалау арқылы материалдық табыс көру үшін жүзге асырады.
Соны ұмытпайық, алауыздыққа бой ұрмайық, желідегі әрбір ақпараттың рас-өтірігін тексермей жатып, елге таратпайық.
Бұл сіз бен біздің жауапкершілігіміз ғой. Азамат ретінде саналы болайық, сонда ғана ел үшін пайдалы болмақпыз.
#amanatdeputat
#Amanat

facebook.com парақшасынан 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста