Өстіп-өстіп, даңғаза қазақ сабасына өзі-ақ түсетін секілді...

Көршім келін түсірді. Беташарда ең жақын ағайындары мен көршілері, жастардың достары , бар болғаны отыз шамалы болдық. Не деген әдемі беташар болды десеңізші?! Есік алдына жасаған столда асыра сілтеу жоқ. Бәрін өздері қолдан пісірген. Дәп-дәмді. Ысырап, дарақылық жоқ. Баяғы, біздің келін боп түскен кезіміздегідей жарасымды дәстүр. Ресторан, кафелер жұмысын істей берсін. Бірақ, мың, бес жүз адамдық ресторандардың не қажеті бар? Шығыс жақтан келген бір қонақ мың адамдық тойханаға барғанымызда "мың адамның қажеті қанша?" деп таң қалған. Рас қой? Әрі кетсе екі жүз адамдық ресторандарға деген сұраныс көбейсе, мыңдықтар өздігінен қаңырап қалатын болар. Туасында, екі жүзден асқан той, бір-бірімен жұмысы жоқ, ешкімді тыңдамайтын, бет-бетімен ішіп-жейтін тобыр жиын деп ойлаймын. Өстіп-өстіп, даңғаза қазақ сабасына өзі-ақ түсетін секілді.
Сая Қасымбек
Фейсбуктегі парақшасынан





