"Орыстар бізді қуғындады, қырды, жойды" дегенді оқыған сайын ойлайм, ғайыптан тайып, сол он сегізінші ғасырда қазақтар дәл Ресей империясы сияқты үлкен мемлекет болсыншы, маңындағы өзге елдерге дәл солай қысым жасар еді, дәл солай қудалап, өзінің басқа жақтағы соғыстарына дәл солай мәжбүрлеп әскерге адам алып, шаруашылық қажеттіліктеріне дәл солай салық жинап, дәл солай бекініс салып, дәл солай полигон салып, дәл солай аштық жасап қырып, білгенін істер еді, бәлкім одан да сорақысын жасар ма еді.
Тек, қайтесің енді, солай болып қалды, орыстарды кінәлай бергенше, неге қазақтар сол заманда қуатты мемлекетке айнала алмады деп сұраңдар да, орыстармен тайталасып шайнаса алатын қуатты мемлекет құра алмаған бабаларыңды кінәлаңдар. Әйтпесе, адам адам болып жаралғалы күштінің әлсізге зорлығы жүретінін ескеріп, әлсіз болғанымызды, әлсіз болып келе жатқанымызды, тек біреуді кінәлап, айыптап, құр жұдырық түйіп тіс шықырлатып доңайбат көрсетіп, бір кездегі басшылары жасаған күнә үшін тұтас бір ұлтты жек көретін болсақ - әлсіз болып қала беретінімізді мойындау керек.
Назгүл Қожабекова
Facebook-тегі парақшасынан