Қырыққа таяп қалса да қыз-келіншекке қырындауға қыры жоқ бір танысым бар. Уйленгім келеді деп мұңын шағады да жүреді. Қызбен таныстырып жеке қалдырсаң "биыл соғымға не сойғандарын т.б" сұрап, немесе "маған әйел боласың ба" деп сұрақты төтесінен қойып қызды үркітіп жібереді. Аздап ынжықтығы болмаса жаман жігіт емес. Қыздың алдында өзін қалай ұстау керек, қалай киініп, қалай жүріп тұру керек, әңгімені неден бастау керек.. тағы да сол сияқты "маңызды тақырыптарды" қанша түсіндірсек те байғұстың жолы болмады. Оның ойынша жақсы әйел болатын қыз оның қойнына өзі келіп кіріп алу керек сияқты. Осындай әртүрлі себептермен үйлене алмай жігіттердің өз-өзіне сенімділігін қалыптастыратын тренинг сағаттарын өткізсек деп ойлап жүрген едік. Егер сондай тренинг жүргізссем мені де жан-жақтан жамандап жұлмалайтын адамдар шығатыны сөзсіз екен.)))
Ермек Құрманғалитегі
Фейсбуктегі парақшасынан